''Атамекен'' мемлекетке сертификаттаудың қайтарылуына қарсы

Мұндай бастама Сенаттағы парламенттік тыңдауда айтылды

atameken.kz

 «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық кәсіпорындардың өнімдерін сертификаттау функциясының қайтарылуына қарсы шықты.

 Нұр-Сұлтан қаласында парламенттік тыңдау өтті, оның барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының спикері Дариға Назарбаева Қазақстанда өндірілген өнімнің сертификаттау функциясын мемлекетке қайтаруды ұсынды. Ол мұны сертификаттарды алудың ұзақ мерзімдері, сондай-ақ берілген сертификаттардың мемлекеттік тапсырыс берушілер белгілейтін стандарттар мен талаптарға сәйкес келмеуімен түсіндірді.

 «Бүгін Ұлттық палатаның сертификаттау мәселелері бойынша негізсіз айыптаулары нақты фактілерді көрсетпестен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында айтылды. «Атамекен» АЭС бұл тұжырымдармен келіспейді: парламенттік тыңдауға дайындық барысында Сенаттың ғимаратында жеңіл өнеркәсіп мәселелері бойынша жеті семинар өткізілді. Сонымен қатар, бизнес өкілдері қатысқан пікірталастар барысында сертификаттау мәселесі тек оң жағынан қарастырылды », - делінген АЭС баспасөз қызметінің хабарламасында.

Хабарламада айтылғандай, бүгінде Ұлттық палата сегіз түрлі сертификаттарды шығарады, олардың ішінде экспорттық сертификаттар мен ST-KZ сертификаттары бар. Жыл сайын АЭС жеті мыңнан астам СТ-KZ  және экспортқа 50 мыңнан астам сертификаттарын шығарады. Сертификат беру функциясын үкімет Ұлттық палатаға 2014 жылы берді.

АЭС әртүрлі елдердің сауда-өнеркәсіп палаталары тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттарды беру жалпыға ортақ халықаралық тәжірибе екенін айтады.

 «Сонымен бірге, көршілес елдерде - Ресейде және Беларуссияда сертификаттарды алу мерзімі Қазақстанға қарағанда ұзағырақ және бірнеше есе қымбат», - делінген хабарламада.

Сертификаттау функциясын  беру туралы мәселені сенатор Серік Жақсыбеков көтерді, ол қазақстандық кәсіпкерлердің өндірушілер алты айға дейін өнеркәсіптік сертификатты беруді күтіп отырғандығы туралы көптеген шағымдарын атады.

Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов өз кезегінде «Атамекен» АЭС басшылығы бұл проблемалардан хабардар екенін және кәсіпорындарды сертификаттау процесін оңтайландыруға тырысып жатқандығын айтты. АЭС мәліметіне сәйкес, өткен жылдың сәуір айынан бастап палата өндірістің бар-жоғын және оның қуаттылығын растайтын өнеркәсіптік сертификатты берді, бүгінде АЭС 238 өнеркәсіптік сертификат берді.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Крахмал-сірне зауыты экологиялық сараптамасыз жұмыс істеп келген

Экология министрлігі Жаркенттегі жағымсыз иіс мәселесі шешіледі деп уәде берді

Фото: atameken.kz

Панфилов ауданының орталығы – Жаркент қаласының сасық иіске тұншығып тұрғанына бірнеше жыл болған. Қала маңында орналасқан крахмал-сірне зауытынан шыққан қалдық су сіңбей, одан бүкіл аймаққа күлімсі иіс тарап, қолқаны қабатын. Осы мәселені аудан жұршылығы бірнеше рет көтерген болатын. Жағымсыз иіс тек Жаркент қаласына емес, кейінгі жылдары аудан орталығынан алыс жатқан ауылдарға жеткен еді.  

Енді экология министрлігі жағымсыз иіс мәселесін шешеміз деп уәде беріп отыр.  Жергілікті тұрғындар зауыттың тазарту қондырғыларынан ауаға жағымсыз иіс тарайтынына бірнеше рет шағымданған соң, өңірге экология министрлігінің арнайы комиссиясы барыпты. 

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мамандар қоқыс жиналатын сүзу алаңдарын аралаған кезде, іркіліп қалған ластаушы заттардың барын анықтаған. 

«Одан кейін жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кездесіп, зауытты араладық. Бар мәселе – оның жеке қоқыс тазарту құрылғысынсыз жобаланғанында. Қалалық, коммуналдық тазарту нысандарына сенген. Алайда, 2018 жылы қалалық коллектор ластаушы заттардың көптігінен, кәсіпорынға өз қызметін ұсынудан бас тартқан. Коллектор ол көлемге шыдас бермеген. Сондықтан компания коллекторын салғанмен, қалдықты тазартпай, тікелей, сүзу алаңына құбыр арқылы жіберген», –  дейді ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасов.

Нәтижесінде жүгері өңдеуден қалған қалдықтың көп бөлігі сүзу алаңында быжып,  күлімсі иіс шыға бастаған. Сөйтіп, күкіртсутек шығарындысы пайда болғандықтан, жергілікті тұрғындар бұдан зардап шегіп отыр. 
Экология министрлігі жүргізген тексеру барысында кәсіпорынның тиісті экологиялық сараптамасыз жұмыс істегені белгілі болды. Сол үшін оған айыппұл салынды.

Сонымен қатар, Экология министрлігі кәсіпорынды жақын арада толықтай тексеріп шығу туралы шешім қабылдап отыр. Шығарынды деңгейінің шамадан асуы расталса, онда шығарынды төгуге тыйым салудан бастап, кәіпорынды жабуға дейін мәселе қойылады.

Бұдан бөлек, министрлік кәсіпорын шығарындысы төгілген сүзу алаңын қалпына келтіруді талап етуде.
Ал компания тазарту құрылыстарының салынып жатқанын айтып, оны тамыз айында іске қосу жоспарланып отырғанын хабарлады. Кәсіпорын әзірге өндірісті өз еркімен тоқтата тұрады.

Өз кезегінде, Экология министрлігі кәсіпорынға жергілікті әкімдікпен бірлесіп, тазарту нысандарының құрылысын жүргізіп, аяқтау, одан әрі міндетті түрде сүзілген шығарындыны ғана тастау, сүзу алаңын қалпына келтіру жөніндегі жол картасын әзірлеу туралы ұсыныс айтты. Қабылданған шаралар туралы кейін толығырақ хабарланады.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg