1 view

Еліміздегі шағын бизнес табысын неге жасырады

«Учет.kz» компаниясының негізін қалаушы осы тұрғыдағы ойын ортаға салды

Фото: Shutterstock

Елімізде «Қазақстан Республикасының салық салу және инвестициялық климатты жетілдіру мәлелелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң жобасы дайындалды. Құжат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бастамасы бойынша дайындалған. Қазіргі таңда заң жобасы парламенттен жария талқылау кезеңіне кері қайтарылды.

Бұл жобаның аса маңызды жаңалығы – табыс шегінің төмендетілуі, ал одан асып кету салық төлеушіні қосымша құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркеуге тұруға міндеттейді. Қазіргі таңда мұндай шек 30 АЕК-ті  немесе 79,5 млн теңгені құрайды. ҚР Ұлттық экономика министрлігі бұл шекті 20 мың АЕК-ке немесе 53 млн теңгеге дейін төмендетуді ұсынып отыр.

Шағын бизнеске жататын кәсіпкерлердің көпшілігі оңайлатылған мағлұмдама негізіндегі арнайы салық тәртібін пайдаланады, ол жерде жарты жылдағы  табыс шегі 24 038 АЕК-ті немесе 63,7 млн теңгені құрайды. Алайда бұл тәртіпті пайдалану (және шағын бизнес болып қалу) үшін, 63,7 млн теңге сомасындағы табыс жартыжылдық шамаға шағылады, ал ҚҚС мақсаттары үшін шек жылдық шамада есептелінеді.

Сонда бұл қайда апарады? Оның үстіне, жұмыстың алғашқы бірнеше айында салық төлеушілер ҚҚС бойынша тіркеуге тұруға мәжбүр, ал бұл олардың салық жүктемесін бірден 12%-ға арттырады. Осы орайда, шағын бизнесті салықтан босатудың қандай мәні бар, деген сұрақ туындайды. Сонда, 3%-дан босатып, оның орнына бірден 12%-ды іліп қойса!

Ұсынылып отырған заңнамалық жаңалықтар қазақстандық бизнес-қауымдасдықтың ауқымды бөлігін қамтиды. Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда табысы 50 млн теңгеден асатын 20 мыңға жуық кәсіпкерелер жұмыс істейді. 

Нәтижесінде, бұл норма тек салықтық жүктеменің елеулі ұлғаюына ғана емес, сонымен қатар, қосымша қаржылай шығындарға жетелейді. Кәсіпкерлер штатқа бухгалер алуға мәжбүр болады, өйткені ҚҚС-ты есепке алу оңай жұмыс емес, ол кәсіби біліктілікті талап етеді. Осы орайда, бизнес жаңа жеткізушілермен, өздері сияқты ҚҚС төлеушілермен, жұмыс істеуге мәжбүр, ал олардың бағасы, әдеттегідей, әрқашан жоғары болады.

Ұлттық экономика министрлігінің заңнамалық бастамасынан күтетін тағы бір салдар – ол көне замандағы грек пәлсапашылары айтатындай, «бизнестің мәжбүрлі дихотомиясы», яғни екіге бөлінуі. ҚҚС шегін көтермей, амалдап күн көру үшін, компаниялар бірнеше ұсақ кәсіпорындарға бөлініп, көлеңкеге кетеді де, табысының барлық сомасын көрсетпейді немесе тауарлар мен қызметтер бағасын көтереді. Нәтижесінде, бұл кәсіпкерлерге де, тұтынушыларға жағымсыз әсер етеді.

Осы бастаманың жаһандық салдары мемлекет басшысының шағын және микробизнеске қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасына қарама-қайшы келеді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШОБ-ты дамытудың, осы санаттағы кәсіпкерлердің салықсыз тәртіпті тиімді пайдалануының, еліміздегі шағын бизнес масштабының кеңеюінің маңыздылығына бірнеше дүркін ерекше назар аударған болатын. Сондықтан шағын кәсіпкерлік пен микробизнесті дамыту мақсатында ҚҚС-ты есепке алу бойынша табыс шегін төмендету жөніндегі норманы алып тастау қажет және оны қазіргі қолданыстағы шеңберде қалдырған жөн.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер