Биыл магистратураға 13 мыңнан астам грант бөлінді

Жарияланды
Докторантураға бөлінген грант саны – 1800

2021-2022 оқу жылында магистратураға – 13 мыңнан астам, докторантураға 1800 грант бөлінген. 

БҒМ  таратқан мәлімет бойынша, магистратур гранттарының ең көбі  педагогикалық мамандықтарға бөлінген – 3 642 грант. Инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына – 3429, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика бағыты бойынша – 1278, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша – 1233, ауыл шаруашылығы және биоресурстар бойынша – 527 грант бөлінді.

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуден өтуге ниет білдірушілерді тіркеу 15 шілдеге дейін жалғасады.

Докторантураға 1890 білім беру гранты бөлінді. Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 446, педагогикалық ғылымдар – 370, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 292, өнер және гуманитарлық ғылымдар – 205.

Докторантураға өтініш қабылдау жүргізіліп жатыр. Қабылдау емтиханы алғаш рет электрондық форматта өтеді.
 

Сондай-ақ оқыңыз