Қазақстанда жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта басталуы мүмкін

Жарияланды
Президент мектептерді оқушылар қабылдауға дайындауды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты мемлекеттік органдарға мектептерді оқу жылына дәстүрлі оқыту форматында дайындауды тапсырды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент жаңа оқу жылына дайындықты қазірден бастау керек екенін атап өтті.

Тоқаевтың айтуынша, көптеген оқу орындары бір жылдан астам уақыт жұмыс істемей тұрды.

Сондықтан Президент университеттердің, мектептердің, балабақшалардың инфрақұрылымының дайындығын, сондай-ақ мұғалімдер мен тәрбиешілердің штаттық кестесін тексеруді тапсырды.

 

Сондай-ақ оқыңыз