Колледждерде оқу мерзімі қысқарады

Жарияланды
Колледждердегі білім беру грант көлемі кезең-кезеңмен ұлғаяды

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына академиялық дербестік беріледі. Соның аясында бірқатар өзгерістер енгізу мүмкін болады.  Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram-каналы хабарлады.

Колледждерде оқытылатын білім бағдарламалары жұмыс берушілердің қатысуымен жетілдіріледі, жаңартылады және нарықтағы сұраныс пен талаптарға сәйкес икемделеді. 

9-сыныптан кейін колледжге оқуға түскен студенттер үшін оқу мерзімі бұрынғыдай үш жарым жыл емес, екі жылға дейін қысқарады.

11-сыныптан кейін колледжге түскендер үшін оқу мерзімі екі жарым жыл емес, 1,5 жылды құрайтын болады. 
Колледждердегі білім беру грант көлемі кезең-кезеңмен ұлғаяды. 

Биыл «Жас маман» жобасы аясында 180 колледждің инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары аяқталады. Жобаның қорытындысы бойынша әрбір өңірде материалдық-техникалық базасы, жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламалары бар кемінде 7 заманауи колледж жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ оқыңыз