2025 жылға қарай білім гранттарының саны 50 пайызға артады

Жарияланды
Жыл сайын жас ғалымдарға 1000 грант бөлінеді

2025 жылға қарай мемлекеттік білім гранттарының саны 50 пайызға артады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлады primeminister.kz. 

   «Жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру үшін 2025 жылға дейінгі гранттар саны 50%-ға артады. Жыл сайын жас ғалымдарға 1000 грант бөлінеді, ал 500 қазақстандық ғалым әлемнің танымал ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өте алады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша осы жылдың сәуір айында белгіленген үлгідегі құжаттарды бере отырып, қазақстандықтардың өз бетінше оқу нәтижелерін тануды көздейтін Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы қабылданады», – деді Асқар Мамин.

 

 

Сондай-ақ оқыңыз