Мұғалімдердің жалақысын көтеруге қанша қаржы бөлінеді?

Жарияланды
Әр облысқа республикалық бюджеттен трансферт қарастырылған

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мұғалімдерінің жалақысын көтеруге республикалық бюджеттен 447,3 млрд теңге бөлінеді. Соның ішінде  ең қомақты қаржы Түркістан облысына бөлінсе, ең азы Атырау облысына жіберіледі.

Трансферт сомасы  ел Үкімететінің «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңын іске асыру туралы» қаулысында жазылған. Ақша облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджетіне түседі. Биылғы нысаналы трансферттің жалпы сомасы 447,3 млрд теңгені құрайды.

Соның ішінде Түркістан облысына – 66,9 млрд теңге, Алматы облысына – 55,2 млрд теңге, Шығыс Қазақстан облысына 39,04 млрд теңге бөлінеді.

Атырау облысына  бөлінген қаржы – 11,8 млрд теңге. Бұл облыстар арасында ақша ең аз бөлінген аймақ.  Солтүстік Қазақстан облысы –  15,9 млрд теңге, Батыс Қазақстан облысы 16,2 млрд теңге алады.

Сондай-ақ,  мұғалімдердің білікті санатына қосымша ақы төлеу үшін бюджеттен 135 млрд теңге  қаржы қарастырылған.

Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі  «Педагог мәртебесі туралы» заңға сәйкес, оедагогтердің лауазымдық жалақылары жыл сайын 25%-ға өсіп отыратынын және 4 жылдың ішінде мұғалімдердіғ  еңбекақылары екі есеге артатынын хабарлаған болатын. 
 

Зарплаты-для-учителей-(каз).jpg

Сондай-ақ оқыңыз