Қазақстандық мектептерде тоқсандық жиынтық бағалау басталды

Жарияланды (жаңартылды )
Оқушылар биыл 5-14 қараша аралығында демалады

Қазақстандық мектептерде тоқсандық жиынтық бағалау басталды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Қашықтан оқыту кезіндегі жиынтық бағалау:

2-11 сыныптарда аптасына 2 және одан да көп апталық жүктемесі бар оқу пәндері бойынша формативті бағалау, бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) жүргізіледі.

11 сыныптарда аптасына 1 сағат оқу жүктемесі бар оқу пәндері бойынша формативті бағалау, БЖБ жүргізіледі және олардың негізінде жарты жылдыққа баға қойылады (ТЖБ жүргізілмейді).

1-сыныпта білім алушылардың оқу жетістігі бағаланбайды. Жылдық баға қойылмайды.

БЖБ және ТЖБ саны бір күнде үш жиынтық бағалаудан аспау керек.

2-4 сыныптарда БЖБ және ТЖБ уақыты реттелмейді, әр пән бойынша 2 тапсырмадан аспайды.

5-11 сыныптарда 3 тапсырмадан артық берілмейді.

БЖБ және ТЖБ кестесін мектеп әкімшілігі әзірлейді.

БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын мұғалімдер пәндер бойынша спецификацияға сәйкес өздері дайындайды.
 

Сондай-ақ оқыңыз