Еліміздегі мектептердің 99 пайызы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған

Жарияланды
Екі жыл бұрын бұл көрсеткіш 75 пайызды құраған болатын

Қазақстандық мектептердің 99%-ы бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

2018 жылы бұл көрсеткіш тек 75% құраған болатын.
 
     

  «Білім беру ұйымдарын бейнебақылау камераларымен қамту мәселесі де маңызды. Бүгінгі таңда камералармен қамту көрсеткіші 99 пайызға жетіп отыр. Дегенмен атқарылған жұмыстың саны емес, сапасы маңыздырақ. Білім және ғылым министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің бұйрықтарына сәйкес білім беру ұйымдарын бейнекамералармен қамту бойынша нақты талаптар қойылған. Орнатылған бейнебақылау камерелары барлық талаптарға сай болуы тиіс», – деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысы барысында.
 

Сондай-ақ оқыңыз