"Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлері анықталды

Стипендия 106 үміткерге берілді

Фото: Facebook.com/Miras Daulenov

«Болашақ» халықаралық стипендиясына ие болған үміткерлер тізімі жарияланды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов Facebook парақшасында мәлім етті.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауда конкурстық іріктеудің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам жасалды! 

    "Стипендиаттарды іріктеу Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу үлгісі бойынша толығымен автоматтандырылған. Конкурстық іріктеудің әр кезеңі прокторинг жүйесі арқылы цифрландырылған және бейнетіркеуге алынды. Біз кешенді тестілеу мен сұхбаттасу процесін өткізу тәсілін сапалы етіп өзгерттік. Үміткерлер оқу орнына өз бетімен түсуі тиіс, сондықтан пәндік сұрақтар қойып, тексерудің қажеті жоқ. Оның орнына біз үміткерлердің талдау, сыни ойлау, фактілерді түсіндіру дағдыларын және ерекше жағдайларда бейімделу қабілеттерін бағалауға назар аудардық", - деді Мирас Дәуленов. 

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімімен стипендия 106 үміткерге берілді. Олар көп ұзамай оқуын бастайды.

    "Тағы бір басты жаңалық – барлық стипендиаттың білім алу барысы бойынша мониторинг Халықаралық бағдарламалар орталығының жаңа порталында цифрлық форматта жүзеге асырылатын болады. Енді стипендиаттарға жарты жылда бір рет транскриптерді сканерлеудің, есептер жазудың және анықтамалар жіберудің қажеті жоқ. Барлық дерек блокчейн технологиясына негізделген жүйеде жиналады. Ал сол жүйедегі кез келген өзгерістер автоматты режимде тіркеліп, сақталады. Бұл стипендианттарға қатысты ақпараттың негізсіз өзгеруіне жол бермейді", - деді Мирас Дәуленов Facebook парақшасында.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif