ҚР Білім және ғылым министрлігі шетелде оқитын студенттерге жәрдемдеседі

Оларды еліміздегі жоғары оқу орындарына ауыстыруға көмектесуге дайын

Фото:ҚР Білім және ғылым министрлігінің Telegram каналы

ҚР Білім және ғылым министрлігі шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетінше түскен және коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты жоғары оқу орындарына оралу проблемасына тап болған қазақстандық студенттерге көмек көрсете бастады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Шетелдік ЖОО-ның көпшілігі студенттерін қашықтан оқытады. Алайда кейбір оқу орындарында ондай мүмкіндік қарастырылмаған. Өздеріне байланысты емес себептермен оқуын жалғастыру үшін елден шыға алмайтын студенттерге министрлік отандық жоғары оқу орындарына ауысуға көмектесуге дайын. 

Бұл ретте құжаттарды рәсімдеу форматы жеңілдетіледі. Ол үшін университеттің виртуалды қабылдау комиссиясына жүгіну жеткілікті. Оқу орнына ауысу туралы өтініш онлайн-режимде қарастырылады.

Осы санаттағы азаматтарды қолдау мақсатында министрлікте жедел желі (74-16-24) іске қосылды, көрсетілген нөмір бойынша дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.30-дан 18.30-ға дейін хабарласуға болады.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif