ҰБТ-ға өтініштер онлайн қабылданады

Өтініштерді қабылдау мерзімі 10 мамырға дейін

Фото: Офелия Жакаева

ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер онлайн қабылданып жатыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Telegram каналы хабарлады. 



Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштер 10 мамырға дейін ent2020.testcenter.kz сайтында онлайн қабылданады. Өтініш берудің жаңа форматы құжаттарды қағаз тасығышта ұсыну қажеттілігінен арылтып отыр.



Айта кеткен жөн, 18 жасқа толмаған тұлғалардың дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімді олардың заңды өкілдері береді.



Техникалық қолдау үшін Ұлттық тестілеу орталығының 8 8000 80 71 77 нөмірі бойынша Call-center жұмыс істейді.



Cондай-ақ, info@testcenter.kz қолдау қызметі арқылы хат жолдауға болады.

 

banner_wsj.gif

Қазақстанда дипломның түпнұсқасын тексеретін сервис іске қосылады

Білімі минстрлігі деректер базасын толықтырып жатыр

Фото: pixabay.com

Қазақстанда дипломның түпнұснасын тексеруге мүмкіндік беретін сервис пайда болады. Ол жыл соңына дейін іске қосылуы керек. Бұл туралы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев facebook әлемметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Жақында жариялаған жазбаларыма оқырмандар біршама қызықты ұсыныстары мен пікірлерін қалдырған" дей келе, министр соның бірнешеуіне тоқталып өткен. Соның ішінде ЖОО студенттері мен магистранттарының дипломын цифрландыру мәселесі де бар. 

"Жұмыс беруші дипломның түпнұсқасын онлайн тексере алуы үшін оны цифрлау ұсынылды. Бұл бағытта жұмыс жүргізілуде. Білім министрлігі қазір дипломдардың деректер базасын толықтырумен және өзекті етумен айналысуда. Дипломның түпнұсқасын тексеруге болатын сервисті осы жылдың соңына дейін іске қосуды жоспарлап отыр",- деп жазады Жұмағалиев. 

Сонымен қатар, оқырмандар еңбекке жарамсыздық парағын е-форматқа және декреттік төлемдерді тағайындауды проактивті тәсілге көшіруді ұсынған екен,

"Біз бұл мәселені бұған дейін ведомствоаралық комиссияның отырыстарында көтердік. Жүкті әйелдердің ХҚКО-ға бармауы үшін, оларға декреттік төлемдерді проактивті форматта тағайындауды ұсындық. Кеше Денсаулық сақтау мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі әріптестерімізбен кездесіп, бұл қызмет түрін проактивті тәсілге көшіруді тездетуге келістік. Жақын уақытта нәтижесін айтамын", -дейді министр.

Қазақстандықтар көтерген тағы бір мәселе апостильдеу. Шетелдегі азаматтардан кейде апостиль басылған құжатты талап етіп жатады, ал ол тек Қазақстанда қағаз түрінде беріледі:

"Әділет министрлігінің құжаттарды онлайн режимде алуға мүмкіндік беретін е-апостильді әзірлеумен айналысып жатқанынан хабардармын. Әділет министрлігі е-апостильмен куәландыруға болатын алғашқы қызметтерді алдағы тамыз айында көрсете бастайды деп күтудеміз".

 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg