Оқушылар ҰБТ-ға дайындық тестерін тегін қолдана алады

Жарияланды
Төтенше жағдайға байланысты

ҚР Білім және ғылым министірлігінің мәліметінше, Ұлттық тестілеу орталығы оқушыларға арнап, төтенше жағдай кезінде http://www.testcenter.kz/ru/ сайтында тегін қолдануға мүмкіндік беретін онлайн-тесттерді шығарды. Әр пәннен 70 бірегей нұсқа жарияланды.

Орталық директоры Дидар Смағұловтың айтуынша аталмыш шара оқушылардың бос уақытын тиімді пайдаланып, ҰБТ-ға сапалы түрде дайындалуға толық мүмкіндік береді. 

  «Білім және ғылым министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен еліміздің байланыс операторларының арасындағы жасасқан меморандумның арқасында білім беретін 24 сайт шектеусіз (лимитсіз) түрде қолжетімді болатыны барлығымызды қуантқан еді! Сонымен қатар, бұл тізім толықтырылатын болады. Осындай қиын кезде тасада қалмай, Ұлттық тестілеу орталығы Білім және ғылым министрінің бастамасын жалғастырып, testcenter.kz сайтында Ұлттық бірыңғай тестілеудің онлайн байқау сынақтарына тегін дайындалуды қолжетімді етіп отыр»,-деді Дидар Смағұлов.   
 

Сондай-ақ оқыңыз