Несиені қалай дұрыс пайдалануға болады

Жарияланды
Қарыз алушыларға бес кеңес

Несие– бұл үлкен жауапкершілік. Оны төлегеннен гөрі алған өте жеңіл, сондықтан да оны ресімдеу мәселесін мұқият қарап, асқан байыптылықпен шешу қажет. 

Осындай қаржы құралын қалай дұрыс пайдалану қажеттігі, кредит шартына қол қою кезінде неге назар аудару қажет және банктермен қалай өзара іс-қимыл жасау қажеттігі жайында Fingramota.kz айтып берді.

Кредитті ресімдеу мәселесіне байыппен қараңыз 

Кредит қолайлы қаржы құралы болып табылады және оны дұрыс пайдалана білу қажет. Кредит шартына қол қою арқылы сіз автоматты түрде оның барлық талабымен келісетініңізді білдіресіз, сондықтан да банктің қарызын алу жайында шешімді байыппен қабылдап, оның ресімделуіне асқан жауапкершілікпен қарау қажет.

Егер сіз кредитті расында шұғыл әрі орынды мақсаттарға алатын болсаңыз, түрлі банктің кредиттік ұсыныстарына мониторинг жүргізіп, олардың кредиттеу талаптарын талдау қажет. Ешқашан алдамшы жарнамаға сеніп, кредит алуға асықпаңыз. Клиенттердің пікірлерін, банк көрсеткіштері туралы қаржылық ақпаратты оқыңыз, оның беделі жайында біліп алыңыз.

Кредит беру жөніндегі түрлі науқандар немесе ерекше ұсыныстар, мысалы осы банкте жалақы жобасы бар клиенттерге арналған ерекшеліктер туралы біліп алыңыз.

Өзіңіз үшін ыңғайлы өтеу әдісін таңдаңыз 

Негізінен банктер барлық жерде аннуитеттік әдісті ұсынады, онда кредиттің бүкіл мерзімі ішінде қарыз алушы ай сайын тең төлемдерді төлейді және негізгі борыш өсу бойынша өтеледі. Сондай-ақ, сараланған әдіс бар, онда негізгі борыш біркелкі өтеледі, бірақ төлемдер сомасы азая береді. Бұл әдісті таңдаған кезде отбасының жалпы табысы аннуитеттік әдіске қарағанда шамамен төрттен біріне көп болуға тиіс. Өтеу әдісін таңдау қарыз алушының қалауына ғана негізделмейтінін атап өткен жөн, себебі ол сұратылған қарыздың өлшемдеріне және қарыз алушының оны ай сайын өтеуінің қаржылық қабілетіне байланысты.

Кредиттеу мерзімдеріне назар аударыңыз

Артық төлем сомасы кредитте мерзімдеріне байланысты болады, егер кредиттеу мерзімі ұзағырақ болса, онда қарыз бойынша артық төлем де көп болады. Банк менеджерінен қарызды ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу талаптарының қандай екенін, атап айтқанда айыппұлдар мен артық төлемдерсіз кез келген кезеңде мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі бар не жоқ екенін нақтылаңыз. Банк заңнамасына сәйкес банктер негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеу немесе толық мерзімінен бұрын: бір жылға дейінгі мерзімге берілген қарызды алған күннен бастап алты айға дейін және бір жылдан астам мерзімге берілген қарызды алған күннен бастап бір жылға дейін өтеу жағдайларын қоспағанда, қарыздарды мерзімінен бұрын өтегені үшін айыпақыны немесе айыппұл санкцияларының өзге де түрлерін өндіріп алуға құқылы емес. Бұл ретте сіз банкке пайыздарды кредитті пайдаланудың нақты күндері үшін ғана төлейсіз.

Кредиттік шартқа қол қояр алдында оны оқып, зерделеңіз

Шартқа қол қоймас бұрын оның талаптарын мұқият зерделеу маңызды! Егер бір нәрсе түсініксіз болса, банктің менеджерінен сұраңыз, егер мүмкіндік болса, заңгерден кеңес алыңыз. Менеджерге кредиттеу талаптары бойынша, тараптардың құқықтары мен міндеттері туралы, оның ішінде, төлеу мерзімі өтіп кеткен жағдайда салдарлары туралы кез келген нақтылайтын сұрақтар қоюға ұялмаңыз.

 Егер кредитті өтеуге байланысты мәселелер туындаса, банкке хабарласыңыз

Егер сіз өз міндеттемелеріңізді орындай алмасаңыз, онда кредиторға өтініш беріңіз. Банктен жасырынып жүрудің қажеті жоқ, банк түбінде сізбен байланысқа шығады.

Егер сізде банктік кредит бойынша мерзімі өткен берешегіңіз болса, Сіз төлем мерзімі өткен күннен бастап 30 күн ішінде кредитті жазбаша өтінішпен немесе шартта көрсетілген басқа тәсілмен қайта құрылымдау үшін қызмет көрсететін қаржы институтына жүгінуіңіз керек.

Қарыз алушыларға Fingramota.kz-дан бес кеңес 

1. Есіңізде болсын, кредит – бұл үлкен жауапкершілік

Кредит алмас бұрын, шын мәнінде ол Сізге керек пе, сол жағын ойланып көріңіз. Шұғыл қажеттілік болмаса, кредит алмаңыз. Кез келген кредит – үлкен жауапкершілік. Оны рәсімдеу арқылы Сіз кредит беруші алдында белгілі бір қаржылық міндеттемелерді аласыз. Жеке бюджетіңізге қосымша ауыртпалық салмай-ақ қойыңыз. Ешбір жағдайда, егер оның талаптары бұрынғысынан сәл ғана жақсы болғаны үшін «ескісін» жабу үшін жаңа кредит алудың керегі жоқ.

Барлық тәуекелдерді саралаңыз. Мысалы, егер сіз жұмыссыз қалсаңыз немесе аурудың салдарынан уақытша жұмысқа жарамсыз болып қалсаңыз және т.б. кредит бойынша төлемді уақтылы төлей аласыз ба?

2. Қарыз жүктемесінің коэффициенті жайлы ұмытпаңыз  

Қарыз жүктемесінің коэффициентін естен шығармаңыз, яғни Сіз қарыз алушы ретінде өз кірістеріңізді бағалауыңыз керек. Ай сайынғы төлем кірістің 50%-нан аспайтын қарыз деңгейі қауіпсіз болып табылады. Кредит бойынша ай сайынғы төлемді төлегеннен кейін Сізде ағымдағы шығындар мен жеке қажеттіліктерді өтеу үшін қаражат болуы керек.

3. Қауіпсіздік жастығын қалыптастырыңыз 

Қаржы жастығы, яғни күтпеген жағдайларға арналған ақшаның болғаны маңызды. Ол кем дегенде алты айлық жалақыны немесе одан артық соманы құрағаны абзал. Сол кезде, мысалы, сіз уақытша жұмыссыз қалған жағдайда кредит бойынша өз міндеттемелеріңізді бұрынғыдай уақтылы орындай аласыз.

 Кредитіңізді уақтылы өтеңіз 

Төлемдер кестесін сақтаңыз, телефоныңызға төлем жасайтын күн туралы ескерту жазып қойыңыз. Ақша сіздің шотыңызға түсіп үлгеруі үшін ай сайынғы төлем ақысын алдын ала, мысалы төлем жасайтын күнге дейін 5-7 күн қалғанда төлеп қойсаңыз тіпті жақсы.

Қаржылық алаяқтықтан сақ болыңыз

Заңсыз қызмет ететін кредиторлардан сырт айналып өтіңіз. Егер сіз кредит немесе микроқарыз ресімдеуге қалай да бел бусаңыз, онда оны ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы бар ұйымдарда ғана жасаңыз. Осылайша сіз өз қаржылық қызметтерді тұтынушы ретінде құқығыңызды қорғай аласыз, ал реттеуші сіздің мүдделеріңізді қорғайды. Егер де сіз жалған кредиторларға тап болсаңыз, құқық қорғау органдарына өтініш беріңіз.

 

Сондай-ақ оқыңыз