Jýsan Bank АТФБанк акциясының 99 пайызын сатып алды

Жарияланды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің келесімінен соң

Jýsan Bank АТФБанк акциясының 99,76 пайызын сатып алды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің келесімінен соң, – деп хабарлайды Tengrinews.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «Келісімшартқа сәйкес, АТФБанктің 124 миллиард теңге мөлшеріндегі меншікті капиталы қосымша провизия құру үшін пайдаланылды. Шығындар жабылған соң Jýsan Bank меншікті капиталдың жеткілікті деңгейін қалыптастырып, АТФБанкті қосымша 97 миллиард теңге көлемінде қаржыландыруды жүзеге асырды.

АТФБанкті сатып алуы нәтижесінде Jysan тобына кіретін 2 банк активінің жалпы көлемі шамамен 3 триллион теңге болды. Бұл – Қазақстан банк секторы активінің шамамен 10 пайызы.

Екі банктің өтімділігі жоғары активінің жиынтық мөлшері 1,3 триллион теңгеден асады. Бұл Қазақстан нарығындағы ең жоғары көрсеткіштің бірі болып саналады», – делінген хабарламада.

 «Біз бұрыннан келе жатқан қазақстандық банктердің бірі АТФ Банктің Jysan тобына қосылғанына қуаныштымыз. Қазіргі таңда АТФ Банк өзінің өтімділігін едәуір арттырды, қажетті провизия деңгейі қалыптасты. Ол сенімді қаржы институты болып саналады. Біздің алдағы қадамымыз – клиенттік базаны одан әрі арттыру және заманауи цифрлық сервистерді ұсынуға бағытталған 2 банктің ұзақ мерзімді даму стратегиясын әзірлеу», – дейді Jýsan Bank директорлар кеңесінің төрағасы Шигео Катсу.

 

Сондай-ақ оқыңыз