Jýsan Bank акционерлері АТФБанк-ті сатып алмақ

Жарияланды
Тараптар сатып алу туралы келісімге қараша айында қол қояды

Jýsan Bank АТФБанк акцияларының 99,76 пайызын сатып алу туралы келісімге келді, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Қол қойылған келісім шеңберінде тараптар 2020 жылдың қараша айында АТФБанк акцияларын сатып алу-сату шартын жасасуға ниетті. Сатып алу-сату шартын жасасқан соң, сондай-ақ ҚР қаржы нарықтарын реттеу және дамыту агенттігі оны мақұлдағаннан кейін, АТФБанктің акционері Jýsan Bank  қосымша эмиссиясының шеңберінде Jýsan банктің акцияларының бір бөлігін сатып алады.

Сонымен қатар, сатып алу-сату келісім шарты жасалғаннан кейін, екі банк біртұтас стратегия шеңберінде бірыңғай форматта жұмыс істейді деп болжануда.

Хабарламада АТФБанктің барлық сервистері жұмысын стандартты режимде жалғастыратыны  бұл клиенттер үшін АТФБанктің қолданыстағы қызметтеріне қолжетімділікті толық көлемде сақтайды және қамтамасыз ететіні жазылған. 

Jýsan Bank –  First Heartland Securities инвестициялық компаниясының еншілес ұйымы болып табылады. Jýsan Bank, дәстүрлі банктік сервистердің кең желісінен басқа, Jýsan қаржы тобы компанияларының өнімдері мен қызметтерін: Jýsan Invest брокерлік қызметтерін және  Jýsan Garant  сақтандыру қызметтерін біріктіретін өз экожүйесін дамытуда.

Ал АТФБанк  Қазақстанның ең ірі банктерінің қатарына кіреді. Өзінің 25 жылдық тарихында АТФБанк  бүкіл Қазақстан бойынша Private Banking клиенттері мен корпоративтік секторға арналған банк қызметтерінің толық спектрін көрсетеді. 

Жыл басында Ұлттық Банк елдегі 14 ірі банк активтерінің сапасын бағалап, солардың ішінде 4 банк қосымша резервке мұқтаж деген қорытындыға келген еді. Бұлар: Нұрбанк (73 млрд теңге), Еуразиялы банк (44,9 млрд), АТФБанк (44,1 млрд) және Банк ЦентрКредит (26,4 млрд). 

12 наурыз күні S&P Global Ratings агенттігі АТФБанктің кредит рейтингін В-/В деңгейінде, «тұрақты» деп растаған болатын. 

«Рейтингті растаған себебіміз, банк иелері,  Ұлттық Банк пен  қаржылық бақылау агенттігі жариялаған қолдау шаралары AQR нәтижесінде анықталған банктің проблемалық кредиттерін қосымша резервтеу қажеттіліктерін қамтамасыз етуге  жеткілікті деп есептейміз», – делінген агенттіктің есебінде.
 

Сондай-ақ оқыңыз