1 view

Қазақстандық банктер несиені онлайн береді

Ағымдағы жылдың сәуір айында іске қосылады

Фото: Shutterstock

Қазақстан Ұлттық Банкі 2020 жылғы 1 қазаннан бастап қаржылық қызметтерді алу үшін қашықтан биометриялық сәйкестендіру сервисін өндірістік пайдалануға қосады. Бұл туралы Ұлттық Банктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұл сервис «бет-әлпетін тану» технологиясын қолдана отырып, қаржы ұйымына бармай ақ қаржылық қызметтерді алуға мүмкіндік береді. «Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК (ҚБЕО) – Ұлттық Банктің еншілес ұйымы жүйенің операторы болып табылады.


Қашықтан биометриялық сәйкестендіру қаржы нарығына қатысушыларға клиенттерді қашықтан сәйкестендіруге және банк шоттары мен депозиттерді ашу, төлем карточкаларын шығару, кредиттеу сияқты қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

   «Қашықтан биометриялық сәйкестендіруді енгізу әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайдың аясында жаңа қауіп-қатерлерге жауап береді. Сервисті қаржы қоғамдастығының пайдалануы халыққа қашықтан көрсету тәсілімен ұсынылатын қызметтер тізімін кеңейтеді», – деді Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Есжан Біртанов.

Сервис банктерге сияқты сақтандыру компанияларына да, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына, төлем және микроқаржы ұйымдарына да қолжетімді.

Сервисті Ұлттық Банк қаржы нарығына қатысушылармен бірлесіп әзірледі. Жүйе ағымдағы жылғы сәуірде пилоттық режимді іске қосылды. Осы уақыт ішінде сервис екінші деңгейдегі 11 банкке халыққа 2,8 млн банк қызметін көрсетуге мүмкіндік берді.

ҚР Ұлттық Банкі іске асыратын қашықтан сәйкестендіру тетігі Қазақстанның қаржы секторын цифрландыру жолындағы тағы бір қадам болып табылады.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif