Қазақстандық бизнес қай банктерге өз ақшасын сеніп тапсырады

Бір жыл ішінде тек алты банк қана корпоративтік клиенттер салымдарының көлемін көбейте алды. Бұл көрсеткіш бойынша ForteBank көш бастады

Фото: Shutterstock

Қазақстанда бірнеше жылдан бері заңды тұлғалардың салымдарының көлемі, атап айтқанда, 2016 жылғы қыркүйекте мұндай депозиттер сомасы 9,76 трлн теңгеге жеткен кезден бері, қысқарып жатыр. 2018 жыл құлдырау 2017 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, бірден 10%-ды құрап,  9,09 трлн-нан 8,18 трлн теңгеге дейін азайды, 2017 жылғы қыркүйекте – 6,9% –  9,76 трлн-нан 9,09 трлн теңгеге дейін азайған. Бұл туралы FinProm хабарлады. 
 
Үстіміздегі жылы қысқару сәл бәсеңдеді. Өткен жылмен салыстырғанда, коммерциялық банктердегі заңды тұлғалардың салымдары 0,1% қысқарып, 2018 жылғы 1-қазандағы 8,18 трлн теңгеден биылғы 8,17 трлн теңгеге дейін азайды.

Банк секторының салымдары, оның ішінде, заңды тұлғалардың депозиттері бойынша біршама теріс динамика көрсеткеніне қарамастан, кейбір қаржы институттары мұндай көрсеткіштер бойынша тұрақты дамуға қол жеткізді.

Депозит ашуға болатын ондаған аса ірі банктердің алтауы бір жыл ішінде корпоративтік клиенттер салымдарының көлемін көбейтуге қол жеткізді, олардың үшеуі бұл көрсеткішті 10%-дан астам көлемге көтерсе, тағы бір банк бірден 20%-дан астам мөлшерге көтерді.

Ал ForteBank заңды тұлғалардың салымдарын бір жыл ішінде бірден 23,3%-ға арттырып, оның көлемін 497,3 млрд теңгеден 613,4 млрд теңгеге дейін жеткізді. Заңды тұлғалардың депозиттері жалпы банк салымдары көлемінің 53,5% құрайды, қалған бөлігі жеке тұлғалар депозиттерінің үлесінде. Бір жыл ішінде банктің депозит портфелінің жиынтығы 16,5%-ға – 1,15 трлн теңгеге дейін артқан.

Сондай-ақ Қытай банкі салымдар көлемін 16,2%-ға – 232,6 млрд теңгеден 270,4 млрд теңгеге дейін арттыруға қол жеткізсе, Сбербанк бұл көрсеткішті 15,6%-ға,  609,4 млрд теңгеден 704,5 млрд теңгеге дейін арттырған.

Өз кезегінде, Қазақстанның Ситибанкі бір жыл ішінде заңды тұлғалар депозитінің көлемін 11,1%-ға арттырса, Altyn Bank –9,6%-ға, Халық банк –8,1%-ға өсірген.

Жалпы, банк секторы бойынша депозит портфелінің жиынтығында заңды тұлғалар салымдарының үлесі өткен жылғы 49,2%- дан бар-жоғы 48,1%-ға дейін қысқарған.

Әріптестік материалы

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif