S&P қазақстандық екі банктің рейтингін растады

Банктердің бірінің болашаққа болжамы жақсарған

Фото: Shutterstock

S&P Global Ratings агенттігі «Альфа банк» (Қазақстан) ЕБ АҚ-ның «BB-/В» деңгейіндегі және «ВТБ (Қазақстан)» банкінің «BB+/В» деңгейіндегі ұзақмерзімдік және қысқамерзімдік рейтингтерін растады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз хабарламасына сілтеме жасаған Интерфакс-Казахстан хабарлады.

Альфа-Банктің қазақстандық еншілесінің рейтингтер бойынша болжамы қауіп бейіндері тұрақты болғандықтан, «Тұрақты» дегеннен «Жағымды» болып қайта қаралды, делінген хабарламада. 

Банктің рейтингісі ұлттық бағанада «kzA» белгісінде расталған.

«ВТБ (Қазақстан)» банкінің болжамы  – тұрапқты. Банктің рейтингісі ұлттық бағанада «kzAA» белгісінде расталған.

Екі банкте ресейлік банктердің еншілес құрылымдары болып табылады. ҚР Ұлттық банкінің мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша ВТБ елдегі 28 банктің арасында активтердің көлемі бойынша 18 орында болса, Альфа банк 2019 жылғы қаңтар-тамыздың қорытындысы бойынша 12 орынға табан тіреген.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif