42 500 теңгені алу үшін карта шоттары пайдаланылады

Картаң бұғатталып жатса, банк көмек көрсетеді

Фото: Shutterstock

42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік жәрдемақыны алу үшін клиенттердің карта шоттары пайдаланылуы мүмкін

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында төтенше жағдай кезінде екінші деңгейлі банктер мен банк операцияларын орындайтын жеке ұйымдармен төтенше жағдай енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек тағайындау және беру туралы қажетті жұмыс атқарды. 

Ол үшін екінші деңгейлі банктер клиенттердің банк шоттарына әлеуметтік төлемнің аударылуын қамтамасыз етуі қажет. 

Әлеуметтік көмек алуға тиіс клиенттердің банк шоттары бұғатталған немесе басқа да шектеулер қойылған жағдай анықталса, бұғаттан шығару және 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек өндіру шараларын жүзеге асыру қажет. 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төтенше жағдай және карантин кезінде әлеуметтік көмек алу үшін карта шотын көрсетуді ұсынады. 

Жедел байланыс телефоны: +7 (727) 2788 144 және +7 (727) 2788 122
(дүйсенбі-жұма 9.00-дан 17.00-ге дейін, 
сенбі – 9.00-дан 15.00-ке дейін,  жексенбі – демалыс)

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif