Halyk Bank коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге 100млн теңге бөлді

Жарияланды
Дәрігерлер тәулік бойы індетпен күресуде

Halyk Bank Covid-19 коронавирус індетімен күресіп жатқан медициналық қызметкерлерге 100 миллион теңге көлемінде ақша аударатын болды.
 

Halyk Bank бүгінгі күні қатерлі індетпен  тікелей күресіп жатқан отандық медициналық қызметкерлерді қаржылай қолдау үшін 100 миллион теңге көлемінде қаражат бөлетіні жайлы шешім қабылдады.    
 
Банк Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтауда тәуілік бойы, демалыссыз жұмыс істеп жатқан медицина қызметкерлерінің жанкешті еңбектерінің маңыздылығын ескере отырып, қаржылық көмек беруді жөн көріп отыр. 
 
Өз кезегінде Банк барлық қазақстандықтарды және отандық компанияларды бұл бастамаға қосылып, қазақстандықтардың денсаулығы мен өмірі үшін күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне қол ұшын беруге шақырады. 
 
Бұл үшін, яғни медициналық қызметкерлерді қаржылай қолдау мақсатында  Halyk Bank қосымша арнайы шот ашты.
 
Осылайша коронавирустық індетпен күресіп жатқан медициналық қызметкерлер Halyk Bank-тен 100 миллион теңге және арнайы ашылған шоттағы қаражатты алатын болады. 
 
Карталық шот 
4277 0455 0140 8820
 
Деректемелері: 
KZ046010001286000064
Бенефициар банктің БСК – HSBKKZKX 
Бенефициар банктің БСН – 940140000385 
ТМК – 119 «Қайтарымсыз ақша аударымы» 
КБе – 14
  
Қазірдің өзінде Halyk Bank 100 миллион теңгені бөлді, бастамаға қосылып, өз үлесіңізді қосыңыз!
 
BIZ BIRGEMIZ! 
  
«Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-ның PR-қызметі
тел. +7 727 2 591 719

Сондай-ақ оқыңыз