Өзбекстанда жапондық жол талғамайтын көлікті құрастыру басталды

Жарияланды
Бұл модельдің сатылымы 2020 жылғы қаңтардан басталмақ

Өзбекстандағы Самарқанд автомобиль зауыты жапондық Isuzu Motors компаниясының ISUZU D-Max маркасындағы жол талғамайтын көлікті құрастыруды бастады. Модельді таныстыру күні кеше ғана Ташкентте өтті, деп хабарлайды Самарқанд облысы хокимиятының баспасөз қызметі.

Өзбекстанда автомобиль үш модификацияда және жеті түсте қолжетімді болады. Жаңа көліктің сатылымы 2020 жылғы қаңтардан бастау алмақ, қазір алдын ала тапсырыс қабылдау жүріп жатыр. ISUZU D-Max-тың бағасы 270-тен 380 млн сумға (Өзбекстан Республикасы Орталық банкінің ағымдағы бағамына сәйкес $28,4 және $40 мың) дейін барады.

Самарканд автомобиль зауыты («СамАвто») 2006 жылы «Узавтосаноат» АК-сы, «Асака» АКБ-сы және жапондық ItochuCorporation корпорациясының құрылтайшылық жасауымен ашылған болатын. 2007 жылдан кәсіпорын сериялық өндіріске аз тоннажды (4-тен 7 тоннаға дейінгі) жүк көліктері мен Isuzu шассилері мен күш агрегаттары негізіндегі орташа өлшемдегі автобустарды шығарған еді.

Сондай-ақ оқыңыз