Қазақстанда соңғы 5 жылда тұрғын үй құрылысына 12 трлн теңгеден астам инвестиция тартылған. Бұл жайлы үкімет сағатында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айттты.
«Еліміздегі жалпы тұрғын үй құрылысын алсақ, соңғы 5 жылда тұрғын үй құрылысына 12 трлн теңгеден астам инвестиция тартылып, 78,5 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді»,- деді Шарлапаев.
Нәтижесінде барлық қаржыландырудың көздері есебінен 695 мың отбасы тұрғын үй жағдайларын жақсартқан. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 1 млн адамға жеткізу көзделіп отыр. Сол мақсатта 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Ал 2024 жылы экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндег...