АҚШ кейбір қытайлық банктерді жаһандық қаржы жүйесінен ажыратуы мүмкін. Бұл мақсатта қазір санкциялар әзірлеуде. Ресми Вашингтон бұл шектеу Бейжің Ресей әскери өнеркәсібіне қолдау көрсетуді тоқтатуға мәжбүр етеді деген болжам жасады, деп хабарлайды The Wall Street Journal (WSJ) жеке дереккөздеріне сілтеме жасап.
«Қытай тарапының көмегі Мәскеуге өзінің әскери-өнеркәсіптік әлеуетін қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Өйткені Қытай Ресей Федерациясына электронды схемаларды, ұшақ бөлшектерін, машиналарды жеткізеді. Банктер Ресейге коммерциялық экспортта негізгі делдал ретінде қызмет етеді, төлемдерді өңдейді және клиенттік компанияларға сауда несиесін береді», – деп жазды басылым.
Дегенмен, Құрама шататтар шенеуніктері дипломатиялық келіссөздер Бейжіңді Ресей Федерациясына экспортты шектеуге көндіре алмаған...