Sony алдағы қаржы жылында PlayStation 5 ойын құрылғысына деген қызығушылық төмендейді деп болжайды / Фото: Unsplash/JESHOOTS.COM
Sony компаниясының биылғы қаржы жылындағы кіріске қатысты болжамы сарапшылардың күткенінен нашар шықты. Компания PlayStation 5 ойын құрылғысын сатудан түсетін кіріс азаяды, өйткені оған деген сұраныс төмендейді деп болжайды. Осы болжам Sony-ді құрылғысын аздап жаңартуға итермелеуі мүмкін деп санайды Bloomberg. Сонымен қатар Sony акция сплиті мен қайта сатып алу туралы жариялап, сонысы бағаға әсер етті: АҚШ-тағы премаркет кезінде бағалы қағаздар қымбаттады.
«Sony 2024 қаржы жылында (2025 жылдың наурызында аяқталады) 12,3 триллион жапон иені (қазіргі бағам бойынша 78,7 миллиард доллар) мөлшерінде кіріс келеді деп болжады...