Бағдат Мусин жаңа қызметке тағайындалды

Ол Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болды

Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин цифрлық даму бірінші вице-министрі Бағдат Мусинді таныстырды. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады. 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұжымына ҚР Үкіметінің Қаулысымен тағайындалған бірінші вице-министр Бағдат Мусинді таныстырды, ол уақытша министр қызметін атқаратын болады.  

Асқар Мамин Мемлекет басшысы министрліктің алдына мемлекеттік қызметтер мен экономика салаларын цифрландыру жөнінде нақты міндеттер қойғанын атап айтты. Денсаулық сақтау және білім беру саласын цифрландыру мәселесіне ерекше көңіл бөлу қажет. Барлық осы маңызды міндеттерді іске асыру, әсіресе, пандемия кезінде зор маңызға ие. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету, Қазақстанның инновациялық экожүйесін дамыту қажет.

Мусин Бағдат Батырбекұлы 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысының Екібастұз қаласында туған. Сүлеймен Демирел атындағы университетті «инженер-жүйе технигі» мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын инженер-бағдарламашы болып бастады, Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК АЖ сүйемелдеу бөлімінің бастығы, ҚР Әділет министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Ақпараттық технологиялар басқармасының бастығы болып жұмыс істеді, ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің құрылымында басшылық қызметтерді атқарды, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазпошта» АҚ, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетін басқарды.

Ағымдағы жылдың наурыз айында ҚР Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.

Айта кету керек, Бағдат Мусин Президенттің кеңесшісі қызметінен босатылған еді. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg