Тоқаевтың жаңа кеңесшісі тағайындалды

Жарияланды
Бұл қызметке Бағдат Мусин келді

Бағдат Мусин ҚР Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бағдат Мусин 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысында дүниеге келді. 2004 жылы Сүлеймен Демирел атындағы университетті, ал 2006 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.

 
Әртүрлі жылдар мемлекеттік қызметтерде жұмыс істеген ол 2017 жылы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Оған дейін «Қазпочта» АҚ басқармасының төрағасы қызметін атқарды.

Сондай-ақ оқыңыз