Қызылордадағы балалар ойын-сауық орталығында жарылыс болды

Жарияланды
Өрт 200 шаршы метрді шарпыған

Қызылорда қаласындағы ойын-сауық орталықтардың бірінде жарылыс болды, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаменті. 

Жарылыс бүгін таңғы 7:20-да болған. Соның салдарынан орталық жанындағы ағаш сарай мен аумағы 50 шаршы метр бастырма құлаған. Сондай-ақ Жеңіс көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің терезесі де зақымданған.   

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 07:24-та жетіп, барлау жұмысын жасап, өрт сөндіру жұмыстарына кіріскен. Өрт толығымен 8:15-те сөндірілген. 

 Газ жарылысының салдарынан өрт шыққан. Қызыл жалып жалпы  аумағы 200 шаршы метрді шарпып, балалар ойын-сауық орталығының бірінші қабаты жанып кетті.         

Өрт 08 сағат 15 минутта толығымен сөндірілген. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жарылысқа газдың ашық қалуы себеп болуы мүмкін. 

 

Сондай-ақ оқыңыз