Қай жастағы адамдар өз өмірін сақтандырады?

Жарияланды
Сақтандыру жарнасы қанша теңге?

Freedom Finance Life мамандары әлеуметтік сауалнама жүргізіп, өмірін сақтандыратын адамның бейнесін «анықтаған». 

Swiss Re Institute мәліметтеріне сәйкес, COVID-19 пандемиясы басталғалы бер, адамдар сақтандыру компанияларына жиі жүгіне бастаған. Мамандардың пікірінше, қазіргі жағдай көптеген адамның болашақ, денсаулық және жақынының аман-саулығы жайлы ойлануына себеп болған. Бұл қызығушылық тек дамушы елдерде ғана емес, Қазақстанда да өмірді сақтандыру саласының өсуіне ықпал етіпті. Мысалы, былтыр Қазақстанда өмірді сақтандыру бойынша сыйлықақы көлемі, 2019 жылмен салыстырғанда, 21%-ға артқан.  

Freedom Finance Life компаниясының мамандары 30 және 65 аралығындағы қазақстандықтар арасында сауалнама жүргізіп, қандай сақтандыру өнімдері қызықтырады, сақтандыруға қанша төлеуге дайын екенін және полисті қандай мерзімге алатындарын анықтаған. 

Өмірді сақтандыру шартын рәсімдеген респонденттердің 37%-ы– жасы 35 пен 45 аралығындағы адамдар.  33%-ы – 50-ден асқандар, ал 20%-ның жасы 35-ке толмаған. Жасы 45 және 50 аралығындағы қазақстандықтарды сақтандыру сирек қызықтырады екен. 

Өмірді сақтандыру компанияларымен шарт жасайтындарың басым бөлігі –  әйел адамдар.  Олар сауалнамаға қатысқандардың 77% құрайды. 

Табысы қанша?

Өмірді сақтандыру шартын ең болмаса бір рет жасаған респонденттердің көбі (45%), орташа алғанда айына 400-600 мың теңге табады. Респонденттердің 25%-ы  600 мың теңгеден астам табыс табады. Жауап бергендердің 12%-ы 250-400 мың теңге аралығында ақша табады екен. 

Респонденттердің 73% өмірді жинақтаушы сақтандыруды (ӨЖС) таңдайды. Бұл бағдарламалар депозит және сақтандыру атқарымдарын қамтиды.  27%-ы тәуекелді өнімдер: коронавирустан сақтандыру, жіті аурулардан (рак және жүрек-тамыр ауруларынан) сақтандыру, туристік сақтандыру және жазатайым оқиғалардан сақтандыруды таңдайды.

Сақтандыру бойынша қанша төлейді?

Қазақстандықтар ең төменгі жарна 1 мың долларға дейінгі шартты жиі жасасады. Респонденттердің 83% солай жауап берген. Минималды жарнасы 10 мың долларға дейін құрайтын бағдарламалар жауап бергендердің 10% қызықтырады, ал 20 мыңнан 50 мыңға дейін деп жауап бергендердің үлесі – 7%.

Өмірді сақтандыру шартын ресімдеу барысында қазақстандықтар бірнеше мақсат көздейді: өзін сақтандыру және сол арқылы жақындарына қамқор болу, керекті сома жинақтау, қаржы жастығын қалыптастыру немесе зейнетақы аннуитеті бағдарламасы бойынша демалысқа шығу.  
 

Сондай-ақ оқыңыз