1 view

Ақша салудан аулақ болатын компаниялар тізімі жарияланды

Ақпаратты қаржы нарығын реттеу агенттігі жариялады

Фото: Олег Спивак

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өзін барлық жерде «инвестициялық компания» деп таныстырып, алаяқтық әрекетпен азаматтар ақшасын жымқырып жүрген ұйымдар туралы ақпарат жария етті. 

Жыл басынан бері агенттікке жоғары кірістілік кепілдігімен инвестициялық мақсатта клиенттердің ақшасын тартып алатын лицензияланбаған компаниялардың қызметіне қатысты 40-тан астам шағымдар мен өтініштер келіп түскен. 

«Ондай компаниялар негізінен оффшорлық аймақтарда тіркелген және қаржы нарығында қызмет атқару бойынша қаржылық қадағалаушының лицензиясына ие емес. Олар клиенттерге консультация алуды ұсынып, өз сервистері арқылы қаржыны инвестициялау туралы сабақтар жүргізеді. Қазақстан Республикасы аумағында ондай компаниялар өкілдік, сенімхат арқылы өкілдік немесе филиал арқылы қашықтан, онлайн форматта жұмыс істейді» делінген агенттік хабарламасында. 

Олар өз қызметінің жұмыс жүйесін былай түсіндіреді: жабық интернет-сервисте және сауда платформасында шетелдік валюта немесе басқа да қаржы құралдары арқылы операция жасау үшін клиентке дистанционды қолжетімділік ұсынылады. Ондай платформаларда клиент өзінің жеке кабинетіне кіріп, қаржысының қалай «көбейіп» жатқанын бақылап отыра алады. Ал клиент өзінің еңбек етіп тапқан қаржысын алуға талпыныс жасаған кезде компания ақшаны қайтару үшін қосымша сыйақы талап ету арқылы клиентке ақшаны қайтарудан бас тартады. Не болмаса қандай да бір негізсіз себептерді желеу етіп клиенттің шотын нөлге айналдырып, өзінің алаяқтық әрекетінен хабар береді. 

Мұндай компаниялар негізінен өзін әлеуметтік желілер арқылы агрессивті түрде жарнамалайды. Олар жарнамада банктік депозиттер бойынша қолданыстағы пайыздық мөлшерлемелерден бірнеше есе жоғары табыс табасыз деп адамдарды қызықтырады. Осыған байланысты қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ондай агрессивті жарнамаларға алданбай, түсінікті және ашық құқықтық режимде жұмыс жүргізетін компаниялармен жұмыс істесуге шақырады. Агенттіктің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында жұмыс істеуге рұқсаты бар, лицензияланған брокерлік / дилерлік ұйымдар тізімі мынадай: 

1. «Altyn Bank» (ДБ China Citic Bank Corporation Limited) АҚ; 
2. «First Heartland Jusan Bank» АҚ; 
3. «First Heartland Jysan Invest» АҚ; 
4. «Kaspi Bank» АҚ; 
5. «АТФБанк» АҚ; 
6. «Банк «Bank RBK» АҚ; 
7. «Банк ЦентрКредит» АҚ; 
8. «КАЗАХСТАН-ЗИРААТ ИНТЕРНЕШНЛ БАНК» АҚ еншілес банкі; 
9. «Еуразиялық банк» АҚ; 
10. «Отбасы банк»; 
11. «Қазақстанның Халық жинақ банкі» АҚ; 
12. «Нұрбанк» АҚ; 
13. «Ситибанк Казахстан» АҚ; 
14. «Фридом Финанс» АҚ; 
15. «BCC Invest» АҚ – «Банк ЦентрКредит» АҚ еншілес банкі; 
16. «CAIFC INVESTMENT GROUP» АҚ; 
17. «First Heartland Securities» АҚ; 
18. «ForteBank» АҚ; 
19. «NGDEM Finance» АҚ; 
20. «Private Asset Management» АҚ; 
21. «SkyBridge Invest» АҚ; 
22. «Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)» АҚ; 
23. «Halyk Finance» АҚ – «Қазақстан Халық банкі еншілес ұйымы» 
24. «Евразийский Капитал» АҚ; 
25. «Инвестиционный Дом «Fincraft» АҚ; 
26. «Инвестиционный Дом «Астана Инвест» АҚ; 
27. «Инвестиционный Финансовый Дом «YURTA» АҚ; 
28.  «Halyk Global Markets» АҚ; 
29. «Қазпочта» АҚ; 
30. «Сентрас Секьюритиз» АҚ; 
31. «ОРДА Капитал» басқарушы компаниясы» АҚ; 
32. «Альфа-Банк» ЕБ АҚ; 
33. «MONEY EXPERTS» АҚ; 
34. «Сбербанк Россия» ЕБ АҚ; 
35. Банк ВТБ (Қазақстан); 
36. «Хоум Кредит энд Финанс Банк» АҚ; 
37. «ForteFinance» АҚ; 

Бұл компаниялардың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен қатаң реттеледі. Агентік ойыншылардың қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және осы компаниялардың қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен олардың заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етеді.

Ал төменде Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істеуге рұқсаты жоқ, лицензияланбаған ұйымдардың тізімі көрсетілген: 

•    «SECVISION LIMITED» (TRADING TECK)
•    AdvanceStox (Malarkey Consulting LTD)
•    Apexcrypt LTD
•    Avance.Fund 
•    AxeCapital
•    Azambusiness
•    Capital level    
•    FinAxis
•    Fin-case Ltd
•    Fincentra LTD Trust Company Complex
•    Forex Optimum Group 
•    Global Alliance
•    Halykcompany
•    Histmo
•    Icon investing
•    IINTERNATIONAL VERSION FINANCIAL SOLUTIO
•    Infiniko Invest Trade LTD    
•    Infiniko Superbinary    
•    Lab Finance    
•    LBC-CAPITAL    
•    Lime FX (Rest Soft LTD) және Prometheus LTD    
•    MarketsSoft    
•    Invest Absolut    
•    Maxi Markets Limited    
•    Maxi Platinum Ltd    
•    Oldix group kft    
•    Pineda International SP    
•    Prime Capitals     
•    RAISE TRADE LTD    
•    Remaxima    
•    Siriusfn    
•    TBXCapital    
•    Terra Finance    
•    TitanPro 500    
•    TraderKing    
•    Trading Times    
•    UMARKETS (PROMETHEUS LTD)    
•    Waxx Capital Ltd    
•    Wexness Banc    
•    Winmarkets    
•    «EVROASIA  GLOBAL  INVESTMENT» АҚ;
•    «Международное бюро консалдинга»  QNET ЖШС; 
•    «EVROPA INVESTMENT» ЖШС; 
•    «Астра консалтинг агенси»  ЖШС; 
•    Global Trade Investing.  
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер