1 view

Тұрғын үй қашан арзандайды?

«Отбасы банк» офтейк-келісімшарт жасауға дайын

Фото: Shutterstock.com

«Отбасы Банкі» офтейк-келісімшарт бойынша жеке құрылыс компанияларымен ынтымақтастық орнатуға дайын. Бұл жайында Үкімет отырысында банк басшысы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді. 

Банк басшысының айтуынша, бұл шара  Қазақстанда жылжымайтын мүлік бағасының шарықтауын біршама тежемек. Алдымен пилоттық жоба еліміздің екі ірі қаласында жүзеге асырылады. 

«Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында жеке құрылыс компанияларымен бірлесе, мемлекет қаржысын тартпай-ақ, бір шаршы метрінің бағасы 300 мың теңгеден аспайтын тұрғын үй салу пилоттық жобасы қолға алынады», – деді Ибрагомова. 

Айта кетейік, 2020 жылы қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы айында орта есеппен 1,09%-ға өсіп отырды. Яғни бір жыл ішінде «вторичка»  ел бойынша орташа есеппен 13,9%-ға қымбаттаған. Салыстырар болсақ, 2019 жылы тұрғын үй бағасы 7,8 пайызға өскен.

Ал биыл қаңтарда қайталама нарықтағы тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа бағасы бір айда бірден 7,2%-ғақымбаттап, 244,7 мың теңгені құрады. Бұл – соңғы бес жылдағы  рекордтық өсім.  Соңғы бес жылда тұрғын үй бағасы жыл сайын 20 пайызға қымбаттап келеді. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер