Коронавируспен ауырған адам вакцина салдыруы керек пе? Сарапшы вакцинаға қатысты маңызды сұрақтарға жауап берді

Жарияланды
Коронавирус инфекциясының тұмау вирусына ұқсастығы бар

Мамандардың айтуынша, егер адамдар өз бойында вирус бар екендігіне қатысты күдіктенсе, онда тест тапсырып, вирус пен антиденелердің жоқтығына көз жеткізу қажет. «Астана медицина университеті» КЕАҚ Нефрология, гематология, аллергология және иммунология курсы бар ішкі аурулар кафедрасының аға оқытушысы Елена Ковзельдің сөзінше, коронавируспен ауырғандарда антиденелер анықталуы мүмкін, бірақ олардың белгілі бір қорғаныс күші жоқ. Бұл туралы вакцинаның нұсқауларында жазылған: вакцинация жасамас бұрын антиденелерді анықтау қажет емес.

«Коронавирус инфекциясы симптомсыз, жеңіл, ауыр және өте ауыр түрде болды. Өкінішке орай, антиденелер инфекциялардан қорғайтын негізгі емес иммундық жауап болып табылады. Олар тез азаяды, мысалы, антиденелер 30-40-50 мәндеріне дейін болуы мүмкін, 5-6 айдан кейін ол бірліктерге дейін төмендейді. Сондықтан, егер вакцинацияға қарсы көрсетілімдер болмаса, яғни жедел жағдай, егер азамат коронавирус жұқтырған пациенттермен байланыста болмаса, сондай-ақ, тиісінше, екі аптадан кейін инкубациялық кезең күтілмесе, егер бұған дейін вакцинациядан кейінгі ауыр реакциялар болмаса, онда вакцинация қажет» дейді иммунолог.

Коронавирус инфекциясының тұмау вирусына ұқсастығы бар, тиісінше, COVID-19-ға қарсы бірнеше рет вакцинациялау қажет болуы мүмкін. 

«Бұл, әрине, вирустың құрылымына байланысты, тұмау вирусына ұқсас вирустың РНҚ құрылымын ескере отырып, халыққа бір-екі жылдан кейін ревакцинация жасау қажет болуы мүмкін, бірақ бұл сәйкесінше антиденелердің құрамына және вакцина алған адамдардағы жасушалық иммунитеттің белсенділігіне байланысты шешім болады» деп түсіндірді сарапшы.

Ол сондай-ақ халық жиі қоятын сұрақтарға жауап берді. Ресейден әкелініп, халыққа салдырып жатқан «Спутник V» вакцинасының індетке қаншалықты қарсы тұрарын да айтты. 

«Жүргізілген вакцинация кезеңінде вакцинаға айтарлықтай реакциялар байқалмады, тек жергілікті ғана, бұл нұсқаулыққа сәйкес келеді. «Спутник V» вакцинасы тауық эмбриондарында өсірілмеген, егер вакцинаны алған популяцияда сенсибилизация болса, ол ауыр аллергиялық реакциялар бере алмайды. Pfizer және AstraZeneca ұқсас вакциналардың құрамында болатын полиэтиленгликоль сияқты заттар бұл вакцинада жоқ. Бұл вакцина коронавирус инфекциясының басқа штамдарынан қорғай ала ма деп көп адам сұрайды. Иммунолог ретінде және халықаралық ғылыми дәлелдерге сүйене отырып, мен барлық коронавирустардың, соның ішінде жалпы суықтың коронавирустарының арасында кросс – реакциялар және коронавирустың кез келген штаммы бар деп айта аламын, әсіресе бұл жағдайда вакцинамен күшейтілген коронавирустың басқа штамдарынан қорғаныс әсерін тудырады» деді иммунолог.

Қазірге дейін 1-8 ақпан аралығында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша вакцинациялауға жоспарланған 916 медицина қызметкерінің 719-ы немесе 78 пайыздан астамы егілді. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың айтуынша, вакцина егу кабинеттерін даярлау бойынша еш қиындық жоқ. 

«Басқару қоймасында КВИ вакцинасының 1 531 дозасы бар. Вакциналау жоспарланған 916 адамның 719-ы егілді. Айта кетейін, вакцинациялау ерікті негізде және халықтың хабардар етілген келісімі бойынша жүргізіледі. Ешкім ешкімді мәжбүрлемейді. Жалпы алғанда, МСАК-тың 36 ұйымында COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жоспарланған 36 егу кабинеті жұмыс істейді. Егу пункттері барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген және санитарлық талаптарға сәйкес келеді» деп атап өтті басқарма басшысы.
 

Сондай-ақ оқыңыз