Зейнетақы жинағын алу үшін ЭЦҚ кілті қажет. Оны қалай аламыз? (видео)

Жарияланды
Арнайы платформа бүгін іске қосылды

Бүгін, 23 қаңтардан бастап «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ уәкілетті оператор ретінде біржолғы зейнетақы төлемін алу бойынша арнайы платформаны іске қосты. Біржолғы төлемді азаматтар тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделуге төлеу үшін пайдалана алады. 

Ол үшін арнайы enpf-otbasy.kz сайты іске қосылды. Бұл сайтқа кіріп өтінім бермес бұрын сізде ЭЦҚ кілті болуы керек. ЭЦҚ сертификаттары арқылы ғана қол қойып, өтініш беруді жүзеге асыра аласыз. 

Ол үшін egov.kz электронды үкімет порталына кіріп, «ЭЦҚ-ны қашықтан алу» бөлімін таңдау керек. Одан әрі қарай қызметке онлайн тапсырыс бересіз. 

1-қадам. ЖСН енгізу. Одан соң жүйе автоматты түрде телефоныңызға бір реттік код жібереді. СМС-хабарламамен келген кодты енгізесіз. Ескере кетер жайт, ЭЦҚ кілтін алу үшін компьютеріңізде веб-камера және NCALayer бағдарламасы болуы және телефон нөміріңіздің азаматтардың мобилді базасында тіркелуі шарт. NCALayer бағдарламасы болмаған жағдайда мына сілтемеге кіріп, жүктей аласыз. Ал телефон нөміріңізді азаматтардың мобилді базасында тіркеу үшін экранның төменгі оң жақ тұсындағы кеңесшіге видео-байланыс арқылы қоңырау шаласыз. 

2-қадам. Ұялы телефон нөміріңізді енгізу керек. Тағы да смс-код нөмірін жазасыз. 

3-қадам. Бейне-идентификациядан өту керек. Одан сәтті өткеннен кейін PIN-код ойлап, енгізіңіз. 

4-қадам. Digital-ID-ға өтесіз. Ұлттық куәландыру орталығы сіздің құжаттарыңызға рұқсат сұрайды. Рұқсат беріп келесі бетке өтесіз. 

5-қадам. Электронды почтаңызды енгізіп, кілттерді сақтау орнын көрсетесіз. Көп жағдайда – Жұмыс үстелі / ЭЦҚ (жаңа папка ашып) – схемасы арқылы көрсету ыңғайлы болады. 

6-қадам. «Пайдаланушылық келісімді оқыдым» деп белгі қойып, «енгізу» батырмасын басасыз. 

7-қадам. «Өтінім статусын тексеру» бетінде жаңа құпия сөз енгізіп, «сертификаттарды жүктеу» дегенді басу қажет. Бұдан соң сертификаттар сіздің папкаңызға – Жұмыс үстелі / ЭЦҚ (жаңа папка ашып) – келіп түседі. 

ВИДЕО-YOUTUBE 

{«preview_thumbnail»:»/sites/default/files/styles/video_embed_wysiwyg_preview/public/video_thumbnails/fq_PLWFSgdU.jpg?itok=OuMVM_dp»,»video_url»:»https://www.youtube.com/watch?v=fq_PLWFSgdU&t=74s «,»settings»:{«responsive»:1,»width»:»854″,»height»:»480″,»autoplay»:0},»settings_summary»:[«Embedded Video (Адаптивный).»]}

Сондай-ақ оқыңыз