Зейнетақы қаржысын үй салуға пайдалануға да болады

Жарияланды
Бүгін арнайы платформа іске қосылады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 21 қаңтарда тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелерін бекіткен. Азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеке тұрғын үй сатып алу үшін толық есеп айырысу, тұрғын үйдің немесе жеке меншікті үйдің құрылысына үлестік қатысу, сондай-ақ жер учаскесін сатып алу үшін пайдалана алатыны белгілі. 

Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаевтың айтуынша, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ипотеканы рәсімдеу немесе қайта қаржыландыру, берешекті өтеу кезінде бастапқы жарна үшін де пайдалануға болады. Бұл көпқабатты үйлердегі пәтерлерге де, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша жеке меншік үйлерге де және ислам банкі бойынша пәтерлерге де қатысты. Сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалға алу шарттары бойынша берешекті де төлеуге болады. Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына бір банктік қарыз шарты шеңберінде ипотекаға қарыз алған кезде жол беріледі.

«Қолданыстағы заң шеңберінде зейнетақы жинақтарын мақсатсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік және тұрғын үй алушының жұбайы мен жақын туыстарынан баспана сатып алуы бойынша шектеулер қарастырылған. 5 жылдан астам өтеу мерзімі бар біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып, меншікке ресімделген, өтелмеген берешегі бар ипотекалық тұрғын үйді 5 жыл ішінде өткізуге жол берілмейді. «Отбасы банк» және екінші деңгейдегі банктер азаматтарға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті операторы бола алады» деп атап өтті ведомство өкілі.

Арнайы шот ашуға өтінімді таңдалған Банктің сайтындағы жеке кабинетте беруге болады.
Арнайы шотты ашқаннан кейін оның нөмірін, пайдалану мақсатын, қолжетімді соманы, жеке табыс салығын ұстап қалу және аудару тәсілдерін көрсете отырып, төлемге электрондық өтініштерді толтыру қажет.

Төлем алуға «Отбасы банк» арқылы жүгінген жағдайда құжаттар 45 жұмыс күні ішінде ұсынылады, ал өтініш екінші деңгейдегі банктер арқылы берілген жағдайда құжаттарды дереу ұсыну қажет.

Бекітілген ережеге сәйкес, зейнетақы төлемдерін жеке тұрғын үй құрылысына да жұмсауға болады. Ол үшін құжаттар топтамасы қажет. Ең бастысы үшін тиісті келісімшарттар болуы керек. Жер үй салатын азамат міндетті түрде құжаттар жинайды. Еркебұлан Дауылбаевтың айтуынша, құрылыс компаниясы, техникалық қадағалау мен тапсырыс берушінің арасында келісімшарт жасалуы тиіс.

«Жеке тұрғын үй құрылысы барысында міндетті түрде лицензиясы бар құрылыс компаниясының қызметтері пайдаланылуы керек. Құрылыс жұмыстары сол лицензиямен жүргізілуі тиіс. Құжатсыз бұл қаржыны жұмсай алмайды. Өздеріңізге белгілі, құрылыс компаниясы атқарылған жұмыстар актісін тапсырған кезде барлық құжаттарды, сауда орындарынан алған құрылыс заттарының саны мен сапасы жөнінде толық құжаттар жинап, өткізеді» деді спикер журналистің жер үй салуға берілетін қаржы қалай бақыланады деген сұрағына жауап бере отырып.

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистке берген жауабында ипотеканың бір бөлігін төлеу тетігін нақты мысалмен түсіндіріп өтті. Мысалы, 7 млн теңгелік ипотекалық кредит болған кезде, жеткіліктілік шегінен кейінгі сома 1,5 млн теңгені құраса, ай сайынғы төлем ақпан айынан бастап аздау болуы үшін борышты ішінара өтеуге болады.

«Сіз мұны «Отбасы банкі» арқылы немесе ипотека рәсімдеген өз банкіңіз арқылы жасай аласыз. Мысалы, Фортебанк, Сбер, ЦКБ, егер олар уәкілетті операторлар болатын болса. РБК мен Еуразиялық банк қазір біз арқылы, бір терезе арқылы жұмыс істейтіндерін айтты. Онда ертең-ақ өтінім беруіңізге болады. Яғни, ішінара мерзімінен бұрын өтеуге болады… Заң жобасын талқылау сатысында уәкілетті оператор етіп заңды тұлға,ы белгілеу ұсынылды, бірақ кейін депутаттар мәселені қаржы нарығының бәсекеге қабілеттілігін кеңейту шеңберінде көтерді, біз оларды қолдадық. «Заңды тұлға» деген сөз үкіметтің қаулысымен анықталған «заңды тұлғаларға» деп ауыстырылды. Сондықтан, екінші деңгейдегі банктер, менің білуімше, тек Халық банк қана әлеуметтік желілерде арнайы шоттар ашатынын ресми түрде жариялады, ал басқа банктер әлі белгісіз. Бұл іс жүзінде азаматтарға таңдау жасауға мүмкіндік береді: ипотекаң бар банк арқылы рәсімделе ме, әлде «Отбасы банкі» арқылы ма. Ең бастысы, клиентке қолайлы жағдай жасау. Біз мұны құптаймыз» деді Оператор басшысы.

Ал жинақтарды емделуге пайдалану тұрғысынан – «Отбасы банк» жалғыз оператор болып қала береді.

«Норма осы айдың соңына дейін күшіне енеді. Қазір ішкі рәсімдерге сәйкес мемлекеттік органдармен нормативтік талқылау жүріп жатыр. Содан кейін Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы Әділет министрлігінде тіркеледі. Оны сайтта баршаңыздың назарларыңызға ұсынылды, талқыланды. Негізінде, онда сирек кездесетін ауруларды емдеу, ересектерге арналған стоматологиялық қызметтер бар екенін бәрі көрді. Денсаулықты айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беретін ауқымды спектр қарастырылған» деді Ләззат Ибрагимова. 

Сондай-ақ Ләззат Ибрагимова зейнетақы жинағын пайдаланудың тағы бірнеше мүмкіндігі жайлы атап өтті. Оның сөзінше, сатып алу-сату шарттары бойынша тіркеуге, жекешелендіруге байланыссыз қалада немесе ауылда бастапқы және қайталама нарықта тұрғын үй сатып алуға болады. Ақшаны жұмсауға және қалған келісімшарттар бойынша төлемдерді өтеуге болады.

«Толық иелену үшін төленуі тиіс сома көрсетілген қалған келісімшарттар бар. Сондай-ақ, бұл ақшаны арнайы шоттан көрсетілген шотқа аудара аласыз. Одан әрі – бөліп төлеу шарттары бойынша. Сондай-ақ, жұмыс беруші жұмыскерге тұрғын үйді бөліп төлеу мүмкіндігімен берген немесе құрылыс компанияларының өздері тұрғын үйді бөліп төлеу мүмкіндігімен ұсынған әртүрлі ипотекалық тұрғын үй бағдарламалары өте көп болды. Бірақ бұл жерде төлеміңіздің міндетті түрде соңғы болуы керек екенін атап өтуіміз керек. Яғни, егер келісім-шарт сомасы 20 млн теңге болса, Сіз 12 млн төледіңіз, қалғаны 8 млн теңге. Сіз толығымен жабуыңыз керек. Бұл тармақта төлемнің соңғы толық төлем болуы тиіс екендігі көрсетілген. Айырбастау шарты бойынша – бұл жас отбасылар үшін өте ыңғайлы норма, олар 1-2 бөлмелі пәтерді аумағы үлкендеу тұрғын үйге ауыстыра алады және біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасын қосымша төлем сомасы ретінде пайдаланады» деп түсіндірді спикер.

Сондай-ақ оқыңыз