Асқар Мамин қайтадан премьер-министр болды

Жарияланды
Депутаттардың басым бөлігі Тоқаев ұсынған кандидатты қолдады

Асқар Мамин Қазақстанның премьер-министрі болып  қайта тағайындалды.

Қазақстан Парламентінің Мәжілісі жұма күнгі жалпы отырыста еліміздің премьер-министрі лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын мақұлдады.

«Ақ жол» партиясы мен «Қазақстанның Халық партиясы» парламенттік фракциялары Премьер-Министр лауазымына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған кандидатураны қолдағанымен, билік партиясы Nur Otan депутаттары премьер-министр лауазымына Маминнің кандидатурасын лайық деп таныды.

«Асқар Маминнің кандидатурасына 78 депутат дауыс берсе, 21 депутат қалыс қалды» деді Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин.

Депуттар келіске соң, Қ.Тоқаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының премьер-министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Асқар Ұзақбайұлы Мамин 1965 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген.   2019 жылғы 25 ақпаннан бері Қ ҚР Премьер-Министрі. 

Целиноград инженер құрылысы институтын, Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын инженер-құрылысшы, экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

 Еңбек жолын «Целинтяжстрой» тресінде монтаждаушы болып бастаған. 1996–2008 жылдар аралығында Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, көлік және коммуникациялар вице-министрі, индустрия және сауда бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар министрі, Астана қаласының әкімі қызметтерін атқарған. 2008 жылғы сәуірден бастап — «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті. 2016 жылғы 9 қыркүйектен бастап — ҚР Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары. 
 

Сондай-ақ оқыңыз