Әкім Алматыда қанша кәсіпкердің салықтан босатылғанын жария етті

Жарияланды
Шаһар басшысы ШОБ-ты қолдау шаралары жайлы айтты

Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген Алматы қаласының әкімі шаһардағы бизнестің жәй-күйі, экономикалық ахуал туралы баян етті. Оның айтуынша, жыл соңына дейін 1,2 мың кәсіпкер коммуналдық алаңдарды жалға алғаны үшін төлем төлеуден босатылған. 

«Қаланың 75 мың кәсіпкері салық бойынша төлемдері 23 млрд теңгеге кейінге қалдырылды. 2,9 мың кәсіпкердің 72 млрд. теңге сомасына несиелері кейінге қалдырылды. 200-ден астам нысан (СОО, қоғамдық тамақтандыру, базарлар) 20 мыңға жуық кәсіпкерді 3 айға дейінгі мерзімге жалға беруден босатты. Қазіргі уақытта жалға берушілер жалдау мөлшерлемесін орташа есеппен 20-30 пайыз ға төмендетті.  Отандық өндірушілерді қолдау мақсатында тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің шамамен 90 пайызы жергілікті тауар өндірушілерден сатып алынады»,– деп атап өтті әкім.

Биылғы жылдың басында Almaty Business-2025 кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы іске қосылып, ШОБ-ты ынталандыру үшін «Алматы» ӘКК базасында Almaty Finance және «Алматы»МҚҰ ұйымдары құрылған. 

«Ол үшін 12,2 млрд теңге бөлінді. Қарыздар 7 жылға дейінгі мерзімге жылдық 6 пайыз және 2 пайыз мөлшерлемелер бойынша 500 млн.теңгеге дейінгі сомаға беріледі. Бүгінде 8,3 млрд теңгеге 84 жоба қаржыландырылды. Almaty Business бағдарламасын іске асыруға «Даму» КДҚ-мен қосымша тепе-теңдік негізде 8 млрд теңге көзделген. Бүгінде 3,1 млрд теңгеге 44 жоба қаржыландырылды. Қаланың шет аймақтарын теңгерімді дамыту мақсатында 5 ауданда желтоқсан айынан бастап пайыздық мөлшерлеме 7 пайыз дан 5 пайызға дейін төмендеді»,– деп түйіндеді Сағынтаев.

Сонымен қатар пандемияға қарамастан тұрғын үй құрылыстары да қарқынды жүруде. 

«7-20-25» жеңілдетілген ипотекалық несиелеу бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Ол бойынша 5 605 пәтер сатып алу мақұлданды. Президенттің тапсырмасымен «5-10-20» бағдарламасы бойынша жұмыс басталды, 1200 өтінім берілді, 200-і мақұлданды. Жұмыс істейтін жастарға арналған тұрғын үйді пайдалануға беру аяқталды. 350 пәтер. Бұл Елбасының тапсырмасы. Сондай-ақ, Алматы әкімдігі шетте қалмай, өзінің «Алматы Жастары» атты жеңілдетілген ипотекалық несиелеу бағдарламасын іске қосты. Мың несие бөлінді. ҚТҚЖБ бірге – 10 млрд теңге әкімдіктен, 3 млрд теңге банктен бөлінді. Барлығы 894 жас алматылық пәтер алды»,– деп атап өтті қала басшысы.

Сағынтаев мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қала экономикасының құлдырауына жол бермеу, жұмыс орындары мен қала тұрғындарының табысын сақтау бойынша шаралар қабылданғанын айтты. 

«2020 жылы мегаполистің негізгі капиталына 719,2 млрд теңге инвестицияланды, оның басым бөлігі жеке инвесторлардың қаражаты. Жыл қорытындысы бойынша Алматыда құны 176,2 млрд теңге болатын 90 инвестициялық жоба іске асырылып, нәтижесінде 7,3 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Мегаполистің негізгі капиталына салынған инвестициялардың жылдық көлемі 900 млрд теңгеге бағаланады. 2020 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке төленетін салықтар мен төлемдер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 пайызға артық жиналды. Бұл ретте қаланың мемлекеттік бюджет кірістеріндегі үлесі 23,5-тен 25,7 пайызға дейін ұлғайды. Осылайша, қала індеттен кейінгі кезеңде тез қалпына келу әлеуетін сақтайды»,– деді әкім. 

1 желтоқсандағы жағдай бойынша Алматыда 78 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 37 мыңға жуығы тұрақты жұмыс орны. Барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында 47,8 мың жұмыс орны құрылған. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 102 млрд  теңгенің 556 жобасына қолдау көрсетілді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 121,2 млрд  теңгенің 66 жобасы мақұлданды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша ағымдағы жылы 21,7 мың жұмыс орнын құрумен 228 жоба іске асырылуда. Бұл ретте Жұмыспен қамту орталығы арқылы 10,7 мыңға жуық жұмыссыз жұмысқа орналастырылған. 
 

Сондай-ақ оқыңыз