Алдағы жылы доллар бағамы 420-440 теңге айналасында болады

Жарияланды (жаңартылды )
PwC Kazakhstan сауалнамасына қатысқандар осындай пікірде

Ұлттық валютаның АҰШ долларына қатысты құнсыздануы алдағы уақытта да жалғасады, Келер жылдары көкқағаздың құны 420-440 теңге болуы мүмкін. PwC Kazakhstan сауалнамасына қатысқан экономист, брокер, трейдер мен банк өкілдерінің басым бөлігі осындай пікірде. 

Тоқсан сайын жарық көретін макроэкономикалық шолуда сауалнама сарапшылары талданып отырған кезеңде теңге долларға қатысты әлсіреуі мүмкін екенін айтқан.

Респонденттер оған негіз болар бірнеше себепті атап өтіпті, соның ішінде Қазақстанда мұнай өндірісінің қысқаруы, инфляция көрсеткіштері бойынша белгісіздік және мемлекет тарапынан ұлттық валютаны қолдау жөніндегі шаралардың тоқтатылуы бар.

Сауалнама нәтижесіне сәйкес, респонденттердің 94 пайызы BRENT маркалы мұнай бағасы барреліне 50 доллардан қымбаттамайды деген пікірде. Жалпы төртінші тоқсанға қатысты болжамның алдағы 2-3 жылдың айналасында  ІІІ тоқсанға қатысты болжамнан аса үлкен айырмашылығы жоқ. Респонденттер мұнай бағасы барреліне 40-54 доллар айналасында қалыптасады дегенге «сенеді». Алайда  мұнайдың алдағы 2-5 жылға арналған ең жоғары және ең төменгі болжамдық бағасы 10 пайызға қысқарған.

«Сауалнамаға қатысқандардың 44 пайызы алдағы бір жылда инфляция деңгейі 7 пайыздан жоғары болады деген болжам жасап отыр. Одан кейінгі  5 жылдың көлемінде инфляция 4,2-6 пайызға түседі деген ойда»,– делінген хабарламада. 

Сарапшылардың барлығы бірауыздан келер жылы Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9 пайыз айналасында ұстап тұрады деп пікір білдірген. Респондерттердің 50 пайызы алдағы бес жылдықта базалыұ ставка біраз төмендеп, 7 пайыз деңгейінде тұрақтайды деп санайды. 

Ел  экономикасын қалпына келтіру сценарийіне қатысты  респондерттердң 72%-ы U-тәріздес сценарий орын алады деген болжам жасаған, яғни экономикалық белсенділіктің төмендеу кезеңі сәл ұзағырақ болады.

Қазақстанға қатысты болжамға COVID-19 пандемиясының Еуропадағы екінші толқыны, АҚШ-тағы президент сайлауы, бизнесті мемлекеттік қолдау және ағымдағы конъюнктурада экономиканы ынталандыру, сондай-ақ басқа да халықаралық және өңірлік оқиғалар әсер етті.

PwC  өкілдерін тоқсандық макроэкономикалық шолуға 18 респондент: жетекші экономистер, брокерлер, трейдерлер, даму банктері мен коммерциялық банктердің өкілдері қатысқанын атап өтті. Шолу сауалнамасын барлық қатысушылар 2020 жылдың қараша айының соңында толтырған. Жауаптардың басым бөлігі құпиялықты сақтау шартымен берілген

Бұған дейін Қазақстан қор биржасында теңге/доллар жұбының 4 желтоқсандағы таңғы сауда-саттық жабылғаны,  сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 420,59 теңгені құрағаны жазылған еді. Ұлттық валюта 2,07 теңгеге нығайған. 

 

 

Сондай-ақ оқыңыз