Қатаң карантин: Павлодарға кіріп-шығу шектелді

Жарияланды
Қалада бес блок-бекет қойылған

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Батырбек Әлиевтің жаңа Қаулысына сәйкес, бүгіннен бастап Павлодар қаласына келіп, кеті үшін міндетті түрде рұқсатқағаз керек. Тиісті құжаты жоқ адамдар облыс орталығының аумағына кіре алмайды. Жедел жәрдем, полиция сияқты арнайы қызмет өкілдері, жанармай, көмір, басқа да әлеуметтік маңызы бар тауарларды тасымалдаушылар ғана рұқсат қағазын көрсету арқылы еркін қатынай алады. Ол құжатты  pvlinfo.kz сайтынан алу керек. 

 Сонымен қатар, облыс ішіндегі аудан, қалалардың арасын жалғайтын қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтайды. Павлодар қаласындағы автобус, шағын автобустар мен трамвай демалыс күндері жүрмейді. Діни мекемелер, театрлар мен музейлер де жұмысын уақытша тоқтатады. 

«Штаттық кестеге сәйкес 30-дан астам адам жұмыс істейтін мемлекеттік және жеке меншік мекемелердегі қызметкерлердің кемінде 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшуі керек. Тек өндірісін тоқтатуға болмайтын кәсіпорын қызметкерлері жұмыс орындарына бара алады», – деді Батырбек Әлиев. 

Бұл шектеулер эпедимиологиялық жағдай жақсарғанға дейін қолданылады. Шектеулердің қабылданғанына қарамастан жағдай күрделене түссе, одан да қатаң шаралар қолданылуы мүмкін. 

Айта кетелік, бүгінде Павлодар облысы коронавирусқа шалдыққандардың саны бойынша «сары аймаққа» кірді. Бір тәулікте мұнда 68 жағдай тіркелді. 
 

 
Сондай-ақ оқыңыз