Жұмыссыз қалсам қайтем?

Сала маманы жұмыссыз қалғанда қандай төлем төленетінін айтып берді

Фото: Shutterstock

Мемлекет жұмыссыз қалған азамат тұрақты жұмыс тапқанша, ай сайын белгілі бір сомада қаржы төлеуді. Бұл ретте жұмыстан шығу себебі назарға алынбайды. Яғни, қызметтен қысқарып қалды ма, өз еркімен жұмыстан шықты ма, әлде жұмыс берушінің тарапынан екіжақты келісімшарт бұзылды ма – маңызды емес. Тек жұмыссыз ретінде тіркелсе жеткілікті. Ал одан кейін әлеуметтік төлем қалай есептеледі? Оны қанша ай ала алады? Бұл туралы «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры Айгүл Қапенова айтып берді. 

–Айгүл Әбутәліпқызы, жұмыссыздарға әлеуметтік төлемді алу үшін қойылатын басты талаптар қандай?

–    Басты талап – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып, жергілікті жердегі халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелуі. Төлемді тағайындау кезінде қандай да бір салалық шектеулер қойылмайды. Яғни, кез келген салада, кез келген лауазымда еңбек етіп, кейін жұмыссыз қалған азамат төлем алуға құқылы. 

– Ол үшін не істеу керек? 

–Алдымен жұмыспен қамту орталығына барып, жұмыстан айырылуына байланысты есепке тіркеледі. Кейін мемлекеттік корпорация, egov.kz порталы арқылы өтініш береді. 

– Жұмыссыздарға қаржылай көмек қандай көлемде және қанша уақыт беріледі?

– Жұмыстан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемнің сомасы орташа айлық табыс, табысты алмастырудың коэффиценті мен жүйеге қатысу өтіліне тікелей байланысты.  
Алдымен соңғы 24 айда әлеуметтік аударымдар жасау үшін есептелген табыстың орташа сомасы шығарылады. Табысты алмастыру коэффиценті - 0,4. Міндетті мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі өтілі де коээфицентке айналады. Атап айтқанда,  6 айдан аз болса– 0,1, 6-12 ай – 0,7,  24-36 ай – 0,85, 36-48 ай –0,9, 60-72 ай– 1,0 коэффицентке теңестіріледі. Ал 72 айдан асқан жағдайда әр 12 айға 0,02 коэффиценті қосылады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бірыңғай жиынтық төлем жасаған азаматтардың табысы әлеуметтік төлемді есептеу кезінде ескерілмейді. 

Төлемді алу мерзіміне келер болсақ, бұл жағдайда әлеуметтік аударым жасау мерзімі маңызды. Соған байланысты бір айдан жарты жылға дейін тағайындалады. Демек, әлеуметтік аударымдар 6-12 ай жасалса – 1 ай, 12-24 ай болса – екі ай, аударымдар уақыты 24-36 ай аралығын құраса – үш ай, соңғы 36-48 айда аударымдар жасаған азаматтар – төрт ай, 48-60 айда табысынан міндетті төлемдер ұсталса – бес ай, аударымдар мерзімі 60 және одан да көп айды құраса алты ай мемлекеттік әлеуметтік төлем ала алады. Жұмыссыздар жұмыспен қамту орталықтары арқылы қоғамдық жұмыстарды атқарып, кәсіптік оқу курстарына қатысса да бұл төлем тоқтамай, ай сайын беріледі. 

Жалпақ жұртқа түсінікті болу үшін мынадай мысал келтірейін: айталық, бір азамат осы жылдың 29 шілдесі күні жұмыссыз ретінде есепке тұрды. Оның әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі өтілі - 78 ай, ал ай сайынғы орташа табысы - 83 589 теңге. Мұндай жағдайда еңбек өтіліне қатысу коэффиценті 1,02 тең. Енді тиісті соманы көрсеткіштерді көбейту арқылы шығарамыз: 83589*1,02*0,4 (табысты алмастыру коэффиценті)=34105. Демек, өтініш берушінің еңбек өтілі 78 ай болғандықтан, ол жарты жыл бойы 34 105 теңге ала алады. Ескерер жайт –әлеуметтік төлемнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына белгілі бір пайызы ұсталады. 

–Қандай жағдайда жұмыссыздың өтініші қабылданбай, кері қайтарылуы мүмкін? 

– Өтініш мақұлданбайтын жағдай өте сирек кездеседі. Жұмыссыз қалған азамат тапсырған құжаттар дұрыс болмаса, әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі өтілі өте аз болса ғана төлем ала алмауы мүмкін. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif