Пандемия кезінде «Даму» қоры шағын және орта бизнеске 566 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетті

Ауыл шаруашылығы, тауар өңдеу және сауда- саттық саласы басымдыққа ие

Фото: "Даму" қоры ұсынған

16 наурыз бен 1 қыркүйек аралығындағы карантин кезеңінде «Даму» қоры пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, несиеге кепілдік беру, мемлекеттік және жеке бағдарламалар аясында қаражатты шарттасып орналастыру құралдары арқылы кәсіпкерлердің жалпы сомасы 566 млрд теңге болатын 6800-ден астам жобасына қолдау көрсетті.

Сала бойынша жоба санын алып қарасақ, ауыл шаруашылығы, сауда және өңдеу өнеркәсібі алда. Несие сомасы бойынша өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету және сауда жобалары көш бастап тұр. Өңірлер бойынша Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарында жоба көп. Несие сомасы бойынша бірінші үштікте Алматы және Нұр-сұлтан қалалары, Қарағанды облысы тұр.

2_0.jpg
                                                                                                                   
Субсидиялау құралы бойынша «БЖК 2025» аясында – 1754 жоба, «Қарапайым заттар экономикасы» – 190, «Нұрлы жер» бағдарламасы - 20; кепілдік беру құралы бойынша «БЖК 2025» аясында 941 жоба, «Қарапайым заттар экономикасы» – 49, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша - 126, «Даму-Оптима» жеке бағдарламасы бойынша - 26 жоба қолдау тапты; Қаражатты шарттасып орналастыру бағдарламалары аясында 3700-ден астам кәсіпкер қолдау алды.

Коронавирус пандемиясы барлық қызмет салаларына, соның ішінде кәсіпкерліктің дамуына қатты әсер етті. Үкімет бизнесті қолдау және сақтап қалу бойынша бірқатар шаралар қабылдады. ТЖ кезінде «Даму» Қоры да жұмыс барысын біраз өзгертті. Енді ШОБ несиелерін қайта құрылымдауға байланысты жоба өзгерістері бес күн емес, тек бір күн ішінде ғана қаралады.

«16 наурыз бен 1 қыркүйек аралығында жаңа жобалардан басқа, «Даму» Қоры жалпы сомасы 585 млрд теңге болатын 7036 жобаны қарап, қайта құрылымдауды ұсынды»,-деп хабарлады «Даму» Қоры.

Кәсіпкерлер карантиннің күрделілігіне қарамастан белсенді жұмыс істеуге тырысуда. Егер 2019 және 2020 жылдардың 8 айымен салыстыратын болсақ, біз қаражатты шарттасып орналастыру бағдарламалары бойынша көрсеткіштердің аздап төмендегенін байқап отырмыз, қарыз алушылар саны 8231-ден 6475-ке дейін (-21%) және сома 121-ден 110 млрд теңгеге дейін (-9%) азайды. Бірақ бұл ретте оң аспект, несиеге кепілдік алу үшін берілген жобалар саны 1416-дан 1540-қа дейін (+9%), субсидиялау бойынша 1475-тен 1728-ге дейін (+15%) ұлғайды, сондай-ақ қолдау сомасы кезеңге қарай ұлғайды, атап айтқанда субсидиялар бойынша 128-ден 280 млрд теңгеге дейін (+119%), кепілдік беру бойынша 51,5-тен 94,5 млрд теңгеге дейін (+83%).

Карантин кезеңінде бірқатар кәсіпкерлер өндіріс қуатын кеңейтіп, жаңа бағыттар ашты. Оның ішінде, Ақтөбе облысында сүт өнімдерін өндірумен айналысатын «Айс Плюс» компаниясы Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы аясында 1,2 млрд теңге несие алды. Осының арқасында 11 жаңа жұмыс орны ашылды.

«М.GES» ЖШС компаниясы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жылдық 6% мөлшерлемемен 16 млн теңге алды. «Көкшетау-бизнес» өңірлік бағдарламасы аясында қаражат тартылды. Көкшетау қаласында несиеге «Dent Smile» балалар стоматологиялық клиникасы ашылды. Жобаның ерекшелігі – бұл Көкшетаудағы алғашқы балалар стоматологиялық клиникасы.

Солтүстік Қазақстан облысында «Юна-LTD» ЖШС «БЖК-2025» бағдарламасы арқылы 75 млн. теңге сомасына мемлекеттік қолдау алғаннан кейін халыққа көмірді қайта өңдеу, сату және жеткізу бойынша жаңа бағыт ашты. 30 тұрақты жұмыс орны құрылды.
Шымкент қаласында «Ер Нұр» ЖШС мемлекеттік бағдарлама аясында 20 млн теңге жеңіл несие алғаннан кейін халыққа тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша көлік қызметтерін көрсете бастады.

Пандемияны ескере отырып, Қор Денсаулық сақтау саласындағы жобаларды белсенді түрде қолдай бастады. «Даму» карантин кезеңінде медицина саласындағы 17 жобаны жалпы сомасы 3,7 млрд. теңгеге қолдады

 

  • Дезинфекциялау құралдарын (антисептиктер) өндіру бойынша жалпы сомасы 544 млн.теңгеге 5 жоба.
  • Медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру бойынша 7 жоба (маскалар, бахилдар, таңу материалдары, қорғаныс костюмдері және т.б.), жалпы несие сомасы 1 675 млн. тг.
  • Медициналық жабдықтар сатып алуға, инъекциялық ерітінділер өндіруге және т.б. арналған 5 жоба, жалпы несие сомасы 1 485 млн. тг.

«Дамудың» стратегиялық міндеті микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуды ұлғайту болып табылады. Осы ретте Қор цифрландыруға және жаңа құралдарды енгізуге басты назар аударады. Бүгінгі күні Қордың бизнес-процестерін автоматтандыру көрсеткіші 94%-ды құрайды және биыл жыл соңына дейін 100% автоматтандыру бойынша жұмыс жалғасуда.

Бұдан бөлек, «Даму» Қоры электрондық үкімет алаңында қаржылық қолдау шараларын алуды автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізді (egov.kz), сондай-ақ жеке портал арқылы online.damu.kz бүгінгі таңда субсидиялау құралы бойынша өтінімдердің 90%-ын және кепілдік беру бойынша өтінімдердің 39%-ын кәсіпкерлер онлайн режимде береді.

*серіктес материалы 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif