Талдықорған дәріханаларында вирусқа қарсы дәрілер екі есе қымбат сатылған

Дәріхана басшылары  тиісті жауапкершілікке тартылды

Фото: Polisia.kz сайты. 

Тәртіп сақшылары осындай деректерге жол бермеуді жіті назарға алған және осы мақсатта қаланың барлық дәріханалары тұрақты тексеріледі, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Тексеру барысында бірнеше дерек анықталып, нәтижесінде негізсіз баға өсірген дәріханалар тиісті жауапкершілікке тартылды.

«Естеріңізге салып өтейін, қалада жұмыс істейтін барлық дәріханалар тексеруден өтеді. Атап айтқанда, соңғы шара кезінде дәріханалардың біріндегі фармацевттің “Ингавирин-90” вирусқа қарсы дәріні тиісті құжатсыз және бағасынан екі есе артық бағаға сатқаны анықталды. Сонымен қатар, бүгінгі күні жоғары сұранысқа ие дәрі-дәрмектерді тұрғындарға жоғары бағада саудалаған бірнеше дәріхана әшкереленді. Бұл жеке-дара деректер емес екеніне сенімім мол. Біздің басты міндетіміз – азаматтарға медициналық қызмет көрсететін адамдар мен ұйымдар тарапынан заңсыз іс-әрекеттерді болдырмау, олардың жолын кесу. Өкінішке орай, тәжірибе көрсеткендей, мұндай ұйымдар, фирмалар мен жеке тұлғалар арасында қазіргі қиын жағдайды пайдалана отырып, «қалта толтыруды» немесе бизнес жасап қалуды ойлайтын адамгершілігі төмен жандар кездеседі», – деп атап өтті Талдықорған қалалық Полиция басқармасының бастығы Асқар Нұрсапа.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif