Әскери медицина қызметкерлері коронавирусқа қарсы қандай жұмыстар атқаруда

2000-ға жуық әскери медицина қызметкерлері жұмылдырылған

Фото: РЭжБӘИИ баспасөз қызметі

2000-ға жуық әскери медицина қызметкерлері Қарулы күштерде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізіп, азаматтық денсаулық сақтау мәселесіне жәрдемдесуде. Бұл туралы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының баспасөз қызметі хабарлады. 


Қорғаныс министрлігінің Елордадағы Бас әскери клиникалық госпиталі 180 орындық карантиндік және провизорлық стационарға, Алматыдағы әскери клиникалық госпитальі 230 орындық инфекциялық стационарға айналды. Талдықорған қаласындағы 35 орындық әскери госпиталь және Үшаралдағы 70 орындық әскери лазарет инфекциялық және провизорлық стационар ретінде жұмылдырылған. Коронавируспен ауыратын науқастарды қабылдау үшін қосымша бірінші күннен бастап әскери-медициналық қор басқа елді мекендерде де дайындалған.


Қарағанды әскери лазаретіндегі медициналық персоналдың 15 адамы облыстық клиникалық аурухана базасындағы провизорлық госпиталь жұмысына жұмылдырылған. Ақтөбе, Аягөз, Гвардейск, Сарыөзек, Семей, Өскемен жеті әскери-медициналық мекемелерінде жергілікті карантиндік, провизорлық, инфекциялық стационарлардың жұмысына қатысу үшін саны 60 адамнан астам дәрігерлік-мейірбике бригадалары дайындалды. 


Әскери-медициналық мекемелерде 700-ден астам карантиндік, провизорлық және инфекциялық пациенттер емделді.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif