Отандық кәсіпорындар дәрілік препараттар шығарады

Төрт жаңа кәсіпорын іске қосылады

Фото: ҚР ИИДМ

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержановтың қатысуымен брифинг өтті. Онлайн шарада дәрілік заттар мен ӨЖЖ аппараттарын өндіру, сондай-ақ жеке қорғаныс құралдарын өндіру барысы баяндалды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Брифинг барысында Аманияз Ержанов журналистерге ыстықты түсіретін және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектердің отандық өндірушілері туралы, сондай-ақ медициналық бетперделер шығаратын төрт жаңа кәсіпорынның іске қосылуы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Бүгінде елімізде фармацевтика бағытында 89 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде дәрілік заттарды өндіру бойынша – 33, медициналық мақсаттағы бұйымдар - 41 және медициналық техника өндірісі бойынша – 15. Дәрілік заттардың негізгі өндірісі Алматы мен Шымкент қалаларында, Алматы облысында орналасқан 10 кәсіпорында, сондай-ақ бір кәсіпорыннан Қарағанды облысы мен Ақтөбе қаласында жүзеге асырылады.

Отандық кәсіпорындар 1000-ға жуық дәрі-дәрмектерді шығарады, олардың ішінде жедел респираторлық ауруларды (ЖРА) және олардың асқынуларын (бронхит, пневмония) емдеуге бағытталған вирусқа қарсы, қабынуға қарсы дәрілік препараттар мен антибиотиктер бар. Ыстықты төмендететін және вирусқа қарсы препараттардың негізгі өндірушілері: «Нобел АФФ» АҚ және «Глобал Абди Ибрахим» ЖШС, «Эйкос – Фарм» ЖШС, «Фарм Ақтөбе» ТК және «ВИВА ФАРМ» ЖШС.

    «Қазіргі уақытта Министрлік ішкі нарықты өз өнімдерімен қамтамасыз ету үшін жеке қорғану құралдарын өндіру қуатын арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Бүгінде тоғыз отандық кәсіпорын тәулігіне 490 мың дана бетперде өндіре алады. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, 6 айға есеп бойынша маскаларға қажеттілік денсаулық сақтау жүйесі және мемлекеттік органдар үшін 111,2 млн. дананы құрайды. Бұл қажеттілікті қанағаттандыру республиканың барлық өңірлерінен медициналық маскалар мен тігін кәсіпорындарының жұмыс істеп тұрған өндірістерінің көлемін ұлғайту, сондай-ақ төрт жаңа өндірісті іске қосу есебінен медициналық және профилактикалық қорғаныш маскаларын шығару тәулігіне 1,1 млн. данаға дейін жеткізілді», - деді Аманияз Ержанов.

Сонымен қатар, вице-министр бүгінде Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктерімен өкпені жасанды желдету аппараттарының өндірісін ұйымдастыру, ӨЖЖ аппараттарын өндіруді қаржыландырудың жеңілдетілген тетігі және өңірлер бойынша жеткізу үшін қажетті ӨЖЖ аппараттарының нақтыланған тізбесін анықтау бойынша бірлескен жұмыстың жалғасып жатқандығын атап өтті. 3000 бірліктегі ӨЖЖ стационарлық аппараттарына болжамды қажеттілікті ескере отырып, біздің өндірушілер оны жыл соңына дейін айына 550 бірлік есептік орташа өндірістік қуатпен жабады. Алғашқы 50 ӨЖЖ аппараты осы айда жеткізілетін болады.

Шілде айының соңына дейін «Тыныс» АҚ Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге 270 ӨЖЖ мобильдік аппаратын жеткізеді. Кәсіпорынның айына 500-ге дейін ӨЖЖ аппаратын шығаруға мүмкіндігі бар. Бұдан басқа, біздің автоөндірушілермен бірлесіп жедел жәрдем машиналарын мобильді аппараттармен жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осылайша, қазақстандық кәсіпорындар қосымша қажеттіліктерді ескере отырып, жыл соңына дейін 4930 стационарлық және 2695 ӨЖЖ мобильді аппараттарын шығара алады.

Сонымен қатар, брифинг барысында Аманияз Ержанов 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы фармацевтика саласының қорытындылары туралы айтып берді. Фармацевтика саласында НКИ өндірісі көлемінің өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 123,6%-ға өсуі байқалады. Осылайша, 2020 жылғы қаңтар-маусымында отандық кәсіпорындар 58,5 млрд.теңгеге дәрілік заттар, маскалар - 65,0 млн. данадан астам, қолғаптар - 60 млн. жұп және 2,0 млн. дейін қорғаныш костюмдерінің жиынтығын өндірді, сондай - ақ өңірлер мен ҚР ДСМ-не 410 бірлік ЭЖЖ аппараты өндіріліп, жіберілді.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif