Нұр-Сұлтанға науқастарды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізілді

Жарияланды
Қалаға 600 мыңнан астам дәрі-дәрмек қаптамасы келді

Нұр-Сұлтанға жүк ұшағымен COVID-19, пневмония және басқа да ауруларды емдеуге қажетті дәрі-дәрмектер жеткізілді. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет дәріханаларды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бұл жұмысты елорда әкімдігі де жүзеге асыруда.
Осылайша, алғашқы жөнелтілім кезінде қалаға 600 мыңнан астам дәрі-дәрмек қаптамасы жүк ұшағымен жеткізілді. Келіп түскен тауарлардың тізімінде дәрі-дәрмектің 350-ге жуық түрі бар. Мысалы, ксарелто, цефтриаксон, клексан, азитромицин, дексаметазон, метилпреднизолон, ибупрофен, нимесулид, кардиомагнил, левофлоксацин, метронидазол, гепарин, нимесулид, ибуфен, парацетамол, офлоксацин және т.б.

Сонымен қатар жақында жүк көліктерімен тағы дәрі-дәрмек жеткізіледі деп күтілуде. Дәрі-дәрмектер дәріханаларға жеткізіле бастады. Дәріханаларды қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты негізде жүргізілетін болады.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов дәріхана желілерінің дистрибьюторларымен, фармацевтикалық компаниялар мен дәріханалардың өкілдерімен келіссөздер өткізді. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, әкімдік дәрі-дәрмектерді сатып алу мен әкелу рәсімдерін жеңілдету, логистика бойынша қолдау көрсетеді.
Сонымен қатар жақын уақытта елордаға сатып алынған заттардан басқа, 200 өкпені жасанды желдету құрылғысы, 500 флуометр, 500 оттегі концентраторы және екі компьютерлік томограф жеткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыз