Нұр-Сұлтанда биыл 8 мың адам әлеуметтік тұрғын үймен қамтылады 

Қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй көлемі үш есеге артпақ

Фото: Shutterstock

Биыл елордада 8 мың әлеуметтік тұрғын үй салынады. Шілде айында кезекте тұрған 1200 қала тұрғыны баспана кілтін алады. Олар: тұрмысы төмен азаматтар, ерекше күтімді қажет ететін балалары бар отбасылар, жетім балалар, зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар және тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде кезекте тұрғандар. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы хабарлады.

 «Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй көлемі үш есе артады. Кезекте тұрған сегіз мың пәтер беріледі. Әлеуметтік жағынан осал топтағы, аз қамтылған қала тұрғындары, жетім балалар, ерекше күтімді қажет ететін балалары бар отбасылар, зейнеткерлер, көпбалалы және т.б. жандар пәтерге ие бола алады. Карантин кезінде құрылысшылармен онлайн-кеңестер өткіземіз, жұмыс уақыты қадағаланады, әрқайсысымен жеке жұмыс істейміз. Біз өз тарапымыздан қолдау көрсетеміз. Тұрғын үй кезегін барынша жеделдетуге тырысамыз. Сонымен қатар биыл коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлері, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер, полиция қызметкерлері пәтер алады. Сондай-ақ биыл алдағы жылға дайындық жүргізілуде», – деді қала әкімі Алтай Көлгінов. 

Биыл ұзаққа созылған құрылыс себебінен жылдар бойы күтуге мәжбүр болған 8 мың үлескер өз пәтерлерін алады.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif