Нұр Сұлтан қаласының тұрғындары бір күнде 70 мың  парацетамол сатып алды 

Алыпсатарлар дәріні интернетте  бағасын көтеріп қайта сатуда 

Фото: Аскар Ахметуллин

Бір күн бұрын  дәріханаларға жеткізілген 70 мың пациентке арналған парацетамол жарты сағат ішінде сатылып кеткен. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Оның айтуынша, алыпсатарлар дәріні интернетте бағасын көтеріп қайта сатуда.

«Бұл дәрі-дәрмектер алыпсатарлық тұрғыдан жасанды тапшылық жасауы мүмкін.  Сонымен қатар, температурасы мен  тікелей көрсетілімдері жоқ адамдар да бұл дәріні сатып алуда », - деді Цой.

Министр нарықта парацетамол бар дәрі-дәрмектердің 33 атауы бар екенін айтты. Алайда, аналогтары болғанына қарамастан, халық парацетамолды көп сатып алуда.

Парацетамолдың аналогтары Panadol, Apap, Xumapar сияқты препараттар екенін ескертеміз. Интернет арқылы дәрілерді лицензиясыз сатуға тыйым салынады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, екі апта ішінде 800 мыңға жуық парацетамол пакетін қосымша жеткізу күтілуде.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif