Әлемде зейнетақы жүйесінің қандай түрлері бар?

 Бұл үйлестіруші және жинақтаушы деп екі классикалық түрге бөлінеді

Фото: Shutterstock

Әлемдік тәжірибеде қаржыландыру қағидаты бойынша зейнетақы жүйесін үйлестіруші және жинақтаушы деп екі классикалық түрге бөледі:

Үйлестіруші зейнетақы жүйесіне зейнеткерлерге зейнетақы төлемдерін еңбеккерлердің ағымдағы табысы, яғни бюджетке бөлінген ағымдағы салық түсімдері есебінен беруді көздейді.  Бұл туралы "БЖЗҚ" АҚ-ның ресми Telegram арнасы хабарлады.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде жұмыс істейтін адамдар жарналар аударады, олар жиналады, инвестицияланады және инвестициялаудан алынған табыстар одан әрі жинақтарды қалыптастырған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін пайдаланылады.

Айта кету керек, мемлекеттер жүйенің тек бір түрін сирек пайдаланады, негізінен үйлестіруші және жинақтаушы жүйелерінің әртүрлі тіркесімдері көп кездеседі. Мұндай тәсіл қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және бір құрамдауыштың артықшылықтарының есебінен екіншісінің кемшіліктерін білдіртпеуге мүмкіндік береді.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif