Әлем әлі де коронавирус  пандемиясының алғашқы сатысында

Бұл туралы АҚШ-тың жұқпалы аурулар жөніндегі  маманы мәлімдеді 

Фото:REUTERS/Leah Millis

Әлем әлі де коронавирус пандемиясының алғашқы сатысында. Бұл туралы американдық жұқпалы аурулар жөніндегі маман, коронавируспен күрес жөніндегі жұмыс тобының бас сарапшысы, доктор Энтони Фауки мәлімдеді.

 «Біз COVID-19-дың Бразилияда, Оңтүстік Африкада және қазір Азияда көп таралуын көріп отырмыз. Сондықтан біз қазір пандемияның басында тұрмыз», - деді Фауки Corriere della Sera-ға берген сұхбатында.

Фауки егер әлем елдері пандемиямен күресу үшін келісілген шаралар қабылдамаса, вирус тағы бірнеше айға белсенді түрде таралатынын айтты.

Сарапшы сонымен қатар, АҚШ-та коронавирус індетін әлі де толық бақылауға алмағаның айтады.

Америка Құрама Штаттары әлемдегі коронавирустық инфекциялар саны мен өлім-жітім саны бойынша бірінші орында. Ауру басталғалы бері елде 3,1 миллионнан астам инфекцияның жағдайы анықталды. 134 мыңнан астам адам қайтыс болды.


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif