Қазақстандық дипломаттар дәрігерлерге қолдау көрсетеді

Сыртқы істер министрлігінің ұжымы қызметкерлердің жалақысынан ерікті негізде қаражат жинамақ

Фото: Shutterstock

Коронавирус пандемиясы өмірімізге кенеттен келіп, бүкіл әлемге тез тарады. 500 мыңнан астам адамның өмірін алып кетті және ғаламшар тұрғындарының денсаулығы мен әл-ауқатына зор зиян келтірді. Бұл туралы  Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми Telegram каналы хабарлады.

Біздің еліміз де күрделі кезеңді бастан өткеруде, отандық денсаулық сақтау жүйесі өз мүмкіндігі шегінде жұмыс істеуде. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлері күн сайын өздерінің кәсіби және азаматтық борышын адал орындап, вирус жұқтыру қаупіне ұшырайды. Мұндай сәттерде ынтымақтастық пен адамдарды өзара қолдау маңызды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирусқа қарсы ұлтты жұмыла күресуге шақырған үндеуін және 13 шілде күнін пандемияның құрбаны болған қазақстандықтарды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау туралы шешімін қолдай отырып, Сыртқы істер министрлігінің ұжымы отандық медицина мұқтаждықтары үшін шетелден медициналық жабдықтар, дәрі-дәрмек және жеке қорғану құралдарын сатып алу үшін қызметкерлердің жалақысынан ерікті негізде қаражат жинауды шешті.

Сонымен қатар, Қазақстандық дипломаттар бірлестігі өз мүшелерін волонтерлік қызметке белсенді қатысуға шақырды және оларды біздің медиктерге практикалық көмек көрсету үшін жіберуге дайын.

Бұл бастамалар эпидемияға қарсы біздің жалпы күресімізге өз үлесін қосады деп үміттенеміз.


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif