Қазақстанда карантин мерзімі ұзартыла ма?

Шектеу шараларының жалғасуы немесе күшейтілуі карантин аяқталғаннан кейін түсінікті болады

Фото: Аскар Ахметуллин

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда қатаң карантин ұзартылуы мүмкін бе? деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.


  «Карантинді ұзартуға қатысты айтарым, бастапқыда ұсыныс енгізілді және оған азаматтардың режимнің барынша ыңғайлы, сонымен қатар, шектеу шараларының індеттің шұғыл тарауымен күресуге қауқарлы болғаны, бизнес-қоғамдастық жұмысына қатысты ұсыныс-тілектері ескерілді», - деді министр. 

Сондай-ақ ол кез-келген бағалау инкубациялық кезеңмен, яғни 14 күнге байланысты болуы керектігін атап өтті.


    «Қазір біз қандай да бір аралық нәтижелерді көріп отырмыз, бірақ нақты нәтижені біз екінші аптаға жақынырақ немесе бағалау жүргізгеннен кейін бірден көре аламыз. Шектеу шараларының жалғасуы немесе күшейтілуі карантин аяқталғаннан кейін түсінікті болады. Біз бұл мәселені ел ғалымдары және шетелдік әріптестерімізбен бірге пысықтаудамыз», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif